• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
367 Категория: Аналитика - Жарияланды 16/03 - 16:04

АСТАНА, 16 - наурыз. - Eurasia Todaу. Сирия Президенті Башар Асад 14 наурыз күні кешке ресми сапармен Мәскеуге Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізу үшін келді.

Сирия Президентін Внуково халықаралық әуежайында Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов, Ресейдің Сириядағы елшісі Александр Ефимов және Сирияның Мәскеудегі елшісі Башар Джаафари қарсы алды.

Сирия басшысының кеңсесі Асадтың Мәскеуге барғанын және кеше, 15 наурызда Владимир Путинмен келіссөздер жүргізгенін хабарлады. Сондай-ақ Сирия Президентінің Мәскеуге келгеннен кейінгі суретін әлеуметтік желілерде жариялап, бұл сапардың ресми түрде орын алып отырғандығын атап өтті.
Келіссөздер барысында Владимир Путин мен Башар Асад саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы Ресей мен Сирия ынтымақтастығын одан әрі дамытудың өзекті мәселелері, сондай - ақ Сириядағы және оның айналасындағы жағдайды кешенді реттеу перспективаларын талқылады.
Путин Сирия Президентімен келіссөз барысында ақпан айында орын алған Сирия мен Түркиядағы жер сілкінісіне тоқталып, Ресейдің нағыз дос ретінде Сирияны қолдауға тырысатынын жеткізді.
Сирия Президентінің Мәскеуге ресми және ашық түрдегі сапары туралы Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің сарапшысы Кирилл Семенов «Асадқа бұдан былай қауіп төнбейді, жасырын сапарлар жасаудың енді қажеті жоқ», - деп түсіндіреді.
Сарапшы «Асадтың жауларынан гөрі достары көп және ол ашық түрде сапарлар жасай алады», - дейді.
 Кирилл Семенов пікірінше, Сирия Президентінің сыртқы саяси салада серіктестері көп емес, ал оның Мәскеуде ресми түрде қабылдануы оның маңызды одақтас екенін көрсетеді.
«Мәскеу Сирия мен Түркия қатынастарын қалыпқа келтіруді жалғастыруға дайын екенін көрсетуге ниетті»,-деп қосты сарапшы өз сөзінде.
Сондай-ақ сарапшы Иван Бочаров «Сапар шынымен де символдық сипатқа ие. Сирия Президентінің Мәскеуге сапар шегіп, 15 наурыз күні Ресей Президентімен кездесуінің өзі өте маңызды болып табылады. Бұл күн, яғни 15 наурыз Сирия қақтығысының басталу күні болып саналады және ол 12 жылға созылды», - деді.
Сарапшы пікірінше, Мәскеу мен Дамаск аяқталмаған қақтығыс жағдайында Ресей мен Сирия қатынастарының маңыздылығын тағы бір рет атап өтуге шешім қабылдаған.
«Сирия Президентінің Мәскеуге ресми сапарының ықтимал мақсаты - қаржылық және энергетикалық көмек алу. Бұл қазір Сирия үшін өте маңызды»,-деп қорытындылайды өз пікірін сарапшы Иван Бочаров.
«Асадтың Мәскеуге сапары Ресейдің Сирияның саяси процесіне қатысуын көрсету үшін қажет болды»,- дейді Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (МГИМО) зерттеушісі Артем Адрианов.
«Сирия Президентінің Мәскеуге шақырылуы Ресейдің оны әлі де қолдайтынын көрсетеді, - дейді Адрианов.
Ресей мен Сирия арасындағы қарым-қатынас соңғы 12 жылда кеңейіп келеді. Сирияның лаңкестікпен күресу барысында Сирияға Ресей мен Иран көп қолдау көрсетті. Сирия Президенті Башар Асад лаңкестікпен күресте Мәскеу мен Теһранның Дамаскіге қолдау көрсеткенін бірнеше мәрте мойындаған болатын.
Башар Асад Мәскеуге соңғы рет 2021 жылдың қыркүйек айында барды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+9°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети