• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
402 Категория: Аналитика - Жарияланды 20/05 - 10:07

АСТАНА, 20 - мамыр. - Eurasia Todaу. Қытайдың Сиань қаласында «Қытай - Орталық Азия» бірінші саммиті ашылды. Саммит туралы Орталық Азия елдерінде бірнеше мәрте болған CGTN сарапшысы Чжао Синь өз пікірімен бөлісті.

Чжао Синьның пікірінше, Қытайдың Орталық Азия басшыларымен кездесуінің бірнеше себептері бар. «Біріншіден, Қытай - Орталық Азияның көршісі. Көршілер таңдалмайды»,-дейді Синь.
«Екінші әрине, экономикалық факторлар да маңызды. Қытай - әлемдегі екінші ірі экономика және кез-келген бизнес үшін тартымды үлкен нарық. Қытай мен Орталық Азия елдерінің экономикасы бір-бірін тамаша толықтырады. Мұнда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды да, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетін де атап өтуге болады. Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 40% - ға өсіп, 70,2 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл жаңа тарихи рекорд.
Сонымен қатар, Қытай мен Орталық Азия елдерінің халықтары тарихи және мәдени жағынан да бір-біріне жақын. Ұлы Жібек жолы арқылы Қытай мен Орталық Азияның бір-біріне қандай мәдени әсер еткенін білеміз. Ұлы Жібек жолы арқылы тек сауда керуендері ғана емес, сонымен қатар мәдени жетістіктер мен рухани құндылықтар, соның ішінде музыка, сәулет, кескіндеме, қолданбалы өнер және т.б. салаларда таралғаны мәлім»,-дейді сарапшы.
«Қытай - Орталық Азия» саммиті «С-С5» ынтымақтастығы форматында мемлекет басшылары деңгейіндегі алғашқы кездесу болып саналады.
«С-С5» форматында бұл елдердің сыртқы істер министрлері 2020 жылы кездескен. Одан кейін СІМ орынбасарлары 2021 жылы 12 мамырда Қытайда жолықты. Үшінші кездесу 2022 жылы 8 маусымда Қазақстанда, төртінші кездесу биыл 27 сәуірде Сиань қаласында өтті. Соңғы кездесу кезінде тараптар Қытай мен Орталық Азия елдері жетекшілерінің кездесуін ұйымдастыруға уағдаласқан.
Қытай- Орталық Азиядағы бұрынғы советтік бес республикаларға ірі көлемде инвестиция салып отырған ел саналады.
Айта кетсек, Қытайдың Сиань қаласында «Қытай-Орталық Азия» саммиті өз жұмысын бастады. Саммитке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон және Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов қатысып жатыр. Жиынға ҚХР төрағасы Си Цзиньпин төрағалық етуде.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
444.89
+0.14
EUR
477.21
+0.45
RUB
5.44
-0.40
TJS
40.80
+0.01
TMT
127.23
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+13°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети