• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
18 Категория: Аналитика - Жарияланды 29/03 - 12:28

Саяси шолушы Тұрар Керімов Түркия АҚШ мүддесі үшін Орталық Азияда өзінің үстемдігін орнатуға тырысуда дейді. Бұл туралы kz.eurasiatoday.ru «Эхо Казахстана» сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Көптеген жылдар бойы Түркияның стратегиялық мақсаты Орталық Азиядағы орнын кеңейту болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде ол сенімді алға жылжып келеді. Ол тығыз дипломатиялық қатынастар орнатып, экономикалық қатынастарды дамытып, елдермен әскери-саяси салада ынтымақтасуда. Бұрын оған қол жеткізе алмаған. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, оның мүмкіндігі көбірек болды, бірақ Анкара өзінің ішкі істерімен, соның ішінде экономика мен қауіпсіздік саласындағы мәселелерді шешумен айналысты.
Елдердің қарым-қатынасы 2009 жылы өзгере бастады, дәл сол кезде Түркі кеңесі құрылды. Сол кезде мемлекет басшылары бірыңғай саяси блок құру туралы шешімге келді. Қазіргі уақытта Анкара одан да белсенді әрекет ете бастады, оның республикаларда қатысы айтарлықтай байқалады. Қазір Орталық Азия елдері өздерінің ұлттық бірегейлігін, стратегиялық және экономикалық дербестігін қалыптастыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға көбірек көңіл бөлуде. Сондықтан қазір Түркия басшылығының барлық күш-жігері елдердің қалыптасуы жүріп жатқан кезде, өзінің ықпалын күшейтуге және Ресей мен Қытайды ығыстыруға бағытталған.
Түркия да Орталық Азия республикаларының мұнай мен газы Ресейді айналып өтіп, Еуропа елдеріне өтуі үшін, барлық энергетикалық ағындарды өзіне тұйықтауды жоспарлап отыр. Бұған дейін ол оны Закавказьеде, жасай алды, ендігі кезекте біздің ел мен Түрікменстан, олар қазір бұл мәселені Түрік басшылығымен талқылап жатыр. Анкараның қазіргі істеп жатқанының бәрі, оның Орталық Азияда ең ықпалды ойыншылардың бірі болғысы келетіндігін білдіреді. Олар құбыр салу, сауданы ұлғайту, әскери саладағы ынтымақтастық туралы келіссөздер. Бұған біздің, де, өзбекстандық басшылықтың да латын әліпбиіне көшу туралы шешімі дәлел.
Өз кезегінде АҚШ Түркия арқылы Орталық Азиядағы ықпалын кеңейтіп, Қытайға қарсы жаңа майдан құруда. Атап айтқанда, Солтүстік Атлантикалық альянстың мүшесі болып табылатын Анкараның күшейіп келе жатқан ықпалы Ақ үйге жоғары стратегиялық құндылығы мен кең экономикалық әлеуеті бар, сондай-ақ мемлекеттердің екі басты жауы болып табылатын Ресей мен Қытай арасында орналасқан Орталық Азиямен сындарлы диалогты бастауға мүмкіндік береді. Қытаймен күресу үшін Вашингтон ең алдымен Азия-Тынық мұхиты аймағын қамтиды. Алайда, өзінің ықпалын кеңейте отырып, Штат Қытаймен күресу стратегиясын толықтыра алады, нәтижесінде ол екі жағынан өзін қорғауға мәжбүр болады. Сондай-ақ, Пентагон Ресей шекараларына жақын Орталық Азия республикаларында әскери әлеуетін арттыра алады. Ал, Орталық Азия ресурстарға бай, американдық компанияларды орналастыратын жер бар.
Орталық Азия аймағы Анкараға да, Вашингтонға да қызықты, ал олардың мүдделері бір-біріне сай. Анкараның Орталық Азиядағы позициясы күшейе түсуде, бірақ Ресей мен Қытай басым болғандықтан, ол абайлап әрекет етеді. Осыған байланысты Ақ үйдің көмегі оның мүмкіндіктерін кеңейтеді. Түркі кеңесі мен түрлі түрік стратегиялық бағдарламалары Вашингтонның стратегиясымен бірігуі мүмкін, бұл Түркия құрған дипломатиялық кеңістікте Ресей мен Қытайға қысым жасау үшін өте пайдалы. Қазіргі уақытта Ақ үй мен түрік басшылығы қайтадан достық қарым-қатынас орнатуып, екіжақты қатынасты кеңейтуге тырысуда. Шамасы, жақын арада Түркия басшысы Реджеп Ердоған мен Америка президенті Джо Байденнің кездесуі сол себепті болуы керек.

Шын мәнінде, Түркия НАТО-ның мүшесі ретінде Орталық Азияда Батыстың мүдделерін алға жылжыту үшін АҚШ-тың агенті болған және болып қала береді, ол аймақтық жаңа қақтығыстардың себепшісі болуы мүмкін. Қарулы қақтығыстарға Анкараның Осман империясын қайта құруға шексіз амбициясы мен кек алу идеялары түрткі болады. Достық қарым-қатынас болса да, Қазақстан үшін Түркияның күшеюі пантүркілік және панисламдық қозғалыстар мен топтардың ұстанымдарының нығаюын білдіреді. Атап айтқанда, жаңадан құрылған Нұржан Әлтаевтің El Tiregi ұлттық либералды партиясы түрік фашистік «Сұр қасқырлар» ұйымымен ынтымақтастығы туралы мәлімдеді.
Тұрар Керімов, саяси шолушы, арнайы «Эхо Казахстана» үшін

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
427.06
0.00
EUR
516.19
0.00
RUB
5.76
0.00
TJS
37.73
-0.03
TMT
122.02
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+19°C Мәскеу
+14°C Нұр-Сұлтан
+17°C Бішкек
+18°C Алматы
+16°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+21°C Ташкент

Соцсети