• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
54 Категория: Аналитика - Жарияланды 28/04 - 10:31

НҰРСҰЛТАН, 28-сәуір. - Eurasia Today. «Американдық әскерлердің Ауғанстаннан шығарылатын уақыты жарияланғанымен, АҚШ бұл елден кете қоймайды, олар тек қатысу формасын өзгертеді», -дейді ресейлік шығыстанушы Александр Князев Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Ауғанстандағы қауіпсіздік мәселелері мен қақтығыстар тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында. 

22 сәуір күні Санкт-Петербургте тікелей және онлайн режимінде «Орталық Азия: Ауғанстан қақтығысының жалғасуы жағдайындағы қауіпсіздік проблемалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 
Іс-шараны ұйымдастырушы белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Александр Князев баяндамасында Иран мен Ресейдің Ауғанстан мәселесінде белсенді түрде ынтымақтастық жасай алатындығына тоқталып, Иран мен Ресейдің Сирия мәселесі сынды Ауғанстан мәселелері бойынша өзара әрекеті тиімді болуы мүмкін екенін атап өтті.
«Ауғанстан қақтығысына қатысушы барлық елдердің ішінен Иран Ауғанстанды бейбіт жолмен шешуге барынша мүдделі, себебі Ауғанстан елінде тұрақтылық пен қауіпсіздіктің жоқтығы салдарынан  Иран елінде бірқатар мәселелер туындайды», - деп қосты сарапшы.
«АҚШ әскерлерінің Ауғанстаннан кету уақыты жариялағанымен, АҚШ бұл елден кетпейді, тек қатысу формасы өзгереді. Қазіргі уақытта Ауғанстанда шамамен 2500 АҚШ әскері бар. Сонымен қатар Пентагонмен ресми келісімшартқа отырған Қорғаныс министрлігі мен АҚШ-тың басқа да агенттіктері мен жеке қауіпсіздік компаниялары қамтылған адамдардың саны 18000 мен 25000 арасын құрайды.Осы компаниялардың көмегімен АҚШ Кабул, Баграм, Кандагар, Герат, Шинданд және Мазари-Шарифтегі маңызды байланыс орталықтары мен әуежайларды бақылауда ұстайды. Американдық әскерлердің толық шығарылуы орын алады деп айтудың орнына АҚШ әскерлерін Ауғанстанда қалдыру үшін шығарады деген сөз шындыққа жанасады. Сондай-ақ, Ауғанстанға бейбітшілік пен тұрақтылықтың оралуы шын мәнінде   бірқатар шетелдік ойыншылар үшін маңызды мәселе емес екенін атап өткен жөн. Ауғанстанда қандай да бір тұрақсыздықты сақтау АҚШ мүддесі екені анық», - дейді Александр Князев.
Айта кетсек, дөңгелек үстелге Ресейден (Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибирск), Ауғанстан, Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Германия, Италиядан танымал сарапшылар қатысты.  

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
427.06
0.00
EUR
516.19
0.00
RUB
5.76
0.00
TJS
37.73
-0.03
TMT
122.02
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+19°C Мәскеу
+14°C Нұр-Сұлтан
+17°C Бішкек
+18°C Алматы
+23°C Душанбе
+30°C Ашхабад
+27°C Ташкент

Соцсети