• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
49 Категория: Аналитика - Жарияланды 30/04 - 18:21

НҰРСҰЛТАН, 30-сәуір. - Eurasia Today. Кеше сәуірдің 29 күні Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында жағдай ушығып, «Головной» бастоғаны аймағында екі елдің әскерилері қақтығысты. Бұл туралы ақпарат торабының тілшісі хабарлады. 

Қырғызстан Шекара қызметінің мәліметіне сәйкес, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы төбелес сәуірдің 28 күні жергілікті тұрғындар арасында басталған. Ақ-Суу өзенінің жағасында Тәжікстан азаматтары жарықшақ тастарды тиемек болғанда Қырғызстанның шекара қызметі екі мемлекеттің ауылдарының басшылары келіскенше жұмысты тоқтатуды талап еткен. Дегенмен Тәжікстан азаматтары қырғыз шекарашыларының талаптарын елемей, жүк тиеуді жалғастырған. 
Қырғызстанның Шекара қызметі қару қолданатындықтарын ескерткеннен кейін Тәжікстан азаматтары шегініп, жұмыстарын тоқтатқан.
Оқиғаның жалғасында Тәжікстан әскерилері Кок Таштағы «Головной» бастоғаны нысанының жанындағы электронды бағанға бақылау камерасын орнатқан. 
Қырғызстан тұрғындары камераны алып тастауды сұрағанымен, тәжікстандық тарап құлақ аспаған. Соның салдарынан төбелес басталып, екі жақтан 30-40 адам бір-біріне тас лақтырған. 
Айтатын жайт, екі ел де бұл жерді өздеріне тиесілі санайды. Тәжікстан Республикасы ҰҚМК Шекара қызметінің мәліметі бойынша, бастоған пункті Исфара өзенінің жоғарғы ағысында Ходжаи Аъло джамоат Чоркух
ауылының маңында орналасқан. 
Тәжікстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі:  «1924-1927 және 1989 жылдардағы карталарға сәйкес бұл гидротехникалық құрылыс толығымен Тәжікстан Республикасының аумағында орналасқан. Ол 1968 жылы салынған. Тәжікстан, Қырғызстан мен Өзбекстанның шекаралас қалалары мен облыстарында ирригациялық жұмыстар мен егістік шаруашылықтарын суаруға арналған.
Алайда, Қырғыз Республикасы бұл ғимаратты біржақты түрде иемденіп, шекара аймақтарындағы тәжік тілді бейбіт тұрғындарға қарсы азаматтық киім киген арнайы мақсаттағы жауынгерлердің мүмкіндіктерін пайдаланды», - деп мәлімдеді. 
Қырғызстан Су департаментінің директоры Алмазбек Сокеев Тәжікстан шекара қызметінің «Головной» су нысаны олардың аумағында орналасқан деген ақпаратты теріске шығарды. 
Сокеев: ««Головной» бастоғаны Қырғызстан аумағындағы «Баткенводоканал» мекемесінің қарамағында орналасқан. Оған су қырғыз тауларының өзендерінен құйылатын Ақ-су өзенінен келеді. «Головной» ешқашан Тәжікстан аумағында болған емес. Қырғызстан әрқашан екіжақты келісімдерді бұзбай, өзінің су ресурстарын көршілерімен бірлесіп пайдаланды», - деді .
Оның айтуынша, Орталық Азияның су ресурстары 1992 жылы Алматыда қол қойылған хаттама мен 1995 жылғы Нүкіс декларациясына сәйкес реттеледі.
Қырғызстан қақтығыс болған аймақтағы Ак-Татыр, Ак-Сай и Самаркандек ауылдарында төтенше жағдай жариялап, тұрғындарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялады. 
Қырғызстан мен Тәжікстанның СІМ-лері  Руслан Қазақбаев пен Сироджиддин Мухриддин арасындағы келіссөздердің нәтижесінде кеше жергілікті уақыт бойынша 20:00-ден бастап шекарада атысты толық тоқтату және әскери күштер мен әскери техниканы шығару туралы келісім жасалды.
Дегенмен бітім келісімі жасалғанымен екі елдің әскерилері түнде бәрібір қаруға жүгінген. 
Бірнеше күнгі қақтығыстар салдарынан екі елден адам шығыны болды, соның ішінде он екі жастағы қыз бала қаза тауып, жүзден астам адам жараланды.
Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы бөлінбеген шекара аймақтарында екі елдің жергілікті тұрғындары мен шекарашылары арасында ара-тұра қақтығыстар болып тұрады. 
Қырғызстан мен Тәжікстан келісілген 519, келісілмеген 375 шақырымнан тұратын 972 шақырым ортақ шекараға ие.
Әртүрлі халықаралық ұйымдар мен бірқатар елдердің мемлекет басшылары Қырғызстан-Тәжікстан қақтығысының ушығуына алаңдаушылық білдіріп, тараптарды даулы мәселені бейбіт жолмен шешуге шақырып, екі ел арасындағы келіссөздерді ілгерілетуге мұрындық болуға әзірліктерін жариялап жатыр.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
427.06
0.00
EUR
516.19
0.00
RUB
5.76
0.00
TJS
37.73
-0.03
TMT
122.02
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+19°C Мәскеу
+14°C Нұр-Сұлтан
+17°C Бішкек
+18°C Алматы
+16°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+21°C Ташкент

Соцсети