• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
×

Қателік

Request timed out.
580 Категория: Аналитика - Жарияланды 24/05 - 13:06

НҰРСҰЛТАН, 24-мамыр. - Eurasia Today. Ақпарат торабы тілшісінің хабарлауы бойынша, 2020 жылы көктемде COVID-19 ауруы әлемдік деңгейде таралып, оның өршуінің алдын алу мақсатында халықаралық деңгейде карантиндік шаралар жарияланып, 90 елдің төрт миллиард халқы төрт қабырғаларға қамалғанда әсіресе әйелдер мен қыздарға ер адамдар тарапынан күш көрсету мен озбырлық жәйттері артты.

БҰҰ «көлеңкелі пандемия» деп әйелдерге қатысты үйдегі тұрмыстық, кейбір кездері жұмыс орындарындағы гендерлік зорлық-зомбылық пандемиясын атады. Дегенмен COVID-19 пандемиясы таралмай тұрып-ақ тұрмыс жағдайындағы әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылық адам құқығының өрескел бұзылуы саналды.

COVID-19 ауруының экономика саласына тигізген зардаптары өнеркәсіп орындары мен мекемелердің жаппай жабылуына соқтырып, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыссыздыққа ұшырауы, елдегі экономикалық тұрақсыздық, соның салдары болып табылатын күйзеліс сияқты факторлар да ерлердің ашуын әйелдерден алып, әйелдердің көбірек соққыға душар болып, физикалық, жыныстық және моральдық тұрғылардан жәбір көруіне себеп болып отыр. Бұл жерде қыз балалар мен жас келіншектер, орта жастағы және жасы келген егде әйелдер деп бөле-жарып қарауға болмайды. Олардың барлығы «әйел» деген ортақ ұғым аясына топтастырылады.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Твиттердегі жаңа жазбасында: «Өткен жылы әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық «көлеңкелі пандемияға» айналды. Бұл COVID-19 кейін де жалғасады. Мен үкіметтерді пандемияға жауап ретінде әйелдердің қауіпсіздігін бірінші орынға қоюға табанды түрде шақырамын.

Қазір бұрынғыдан көбірек әйелдерге қатысты күш көрсетуге абсолютті төзімсіздік таныту керек», - деп жазды.
Бұл БҰҰ Бас хатшысының пандемия жағдайында әйелдердің қауіпсіздігін арттыруға шақыруы бірінші және соңғы рет емес.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда үш қылмыстың біреуі, зорлық-зомбылық сипатындағы қылмыстардың 90 пайызы әйелдерге қарсы жасалады. Мұның өзі нақты сан емес. Оның бір себебі қазақ әйелінің үйдегі мәселені сыртқа шығаруды ұят санайтын ұлттық менталитетінде жатыр. Сонымен қатар күйеуіне деген қаржылық тәуелдік те олардың жұмған ауыздарын ашпай, істі жабулы қазан күйінде қалдыруының келесі себебі. Олар мұндай жағдайда туыстарына немесе құрбыларына шағымданудан ары аспайды, полицияға арыз жазудан тартынады немесе қайда жүгінуді, өзінің құқығына қалай қол жеткізуді білмейді. Ауыл әйелдерінің арасында бұл статистика жоғары.

1993 жылғы Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою туралы Декларацияда «әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты» «жыныстық қатынас негізінде әйелдерге физикалық, жыныстық немесе психологиялық зиян келтіретін немесе келтіруі мүмкін кез-келген зорлық-зомбылықты, сондай-ақ қоғамдық немесе жеке өмірде болсын, осындай әрекеттер туралы қоқан-лоққы жасауды, мәжбүрлеуді немесе ерікті түрде бас бостандығынан айыруды» атады.

БҰҰ әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықпен күресетін және оның құрбандарына демеу көрсететін әйелдер ұйымдарын қолдау үшін төтенше жағдайларды жоюдың орталық қорынан 25 миллион доллар бөліп, «2030 жылға қарай әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірлесіп тоқтатамыз» науқанын жариялады.

БҰҰ үкіметтерді қиын жағдаймен бетпе-бет келген әйелдерді паналатып, олар көмек сұрау үшін хабарламалар жіберу арқылы қол жеткізуге болатын онлайн қызметтерді ашуға шақырады.

Пандемия жағдайында, одан кейін де әйелдер мен қыз-келіншектерге қарсы зорлық-зомбылықпен әлем болып күрескен жағдайда оны азайтып, тіпті түбірімен жоюға болады.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
446.75
-0.02
EUR
477.74
-0.08
RUB
5.49
-0.32
TJS
41.03
+0.01
TMT
127.94
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+21°C Мәскеу
+18°C Астана
+30°C Бішкек
+28°C Алматы
+32°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+34°C Ташкент

Соцсети