• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1697 Категория: Аналитика - Жарияланды 19/06 - 13:10

НҰРСҰЛТАН, 19-маусым. - Eurasia Today. Соңғы уақытта жер шарын жайлаған құрғақшылық туралы түрлі пікір айтылып, БҰҰ тарапынан ескерту де жасалды. Әсіресе, желіде Facebook қолданушысы Бердімұрат Төрекеновтың жариялаған суреттері жағаңды ұстатады. Келесі пандемия құрғақшылық болады, оны емдейтін вакцина жоқ.  Бұл туралы ақпарат тілшісі баяндайды.

БҰҰ вакцинасы жоқ жақындап келе жатқан пандемия туралы ескертті. Иә, бұл жер шарын жайлаған құрғақшылық. БҰҰ есебіне сәйкес, ХХІ ғасырдағы құрғақшылықтан кем дегенде 1,5 миллиард адам зардап шекті, ал экономикалық шығын 124 миллиард долларға бағаланады.

Сарапшылардың пікірінше, шығындардың нақты мөлшері бірнеше есе көп, өйткені келтірілген мәліметтерде дамушы елдердің аталмыш табиғи құбылыстан көрген шығындарының көп бөлігі жоқ.

«Алдағы бірнеше жылда әлемнің көп бөлігі су тапшылығымен өмір сүреді, ал сұраныс ұсыныстан асып түседі», – дейді  БҰҰ Бас хатшысының апаттар қаупін азайту жөніндегі арнайы өкілі Мами Мизутори. Оның сөзінше, көпшілік құрғақшылық Африканың шөлді аймақтарына ғана әсер етеді деп ойлайды. Алайда, қазіргі уақытта бұл кең таралған құбылыс, және ғасырдың аяғында барлық дерлік елдер оны қандай-да бір түрде сезінеді.

«Адамдар құрғақшылық жағдайында 5 мың жыл өмір сүрді, бірақ қазір біз басқаша нәрсені көріп отырмыз», - деп атап өтті  БҰҰ Бас хатшысының апаттар қаупін азайту жөніндегі арнайы өкілі.

Құрғақшылықтың негізгі факторы – климаттық өзгерістер нәтижесінде жауын-шашын сипатының өзгеруі. Сондай-ақ, қарқынды ауылшаруашылық қызметі жағдайында су ресурстарын тиімсіз пайдалану және жердің тозуы да маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты Мами Мизутори әлемдік үкіметтерді суды өндіру, сақтау және пайдалану мен  жерді басқару тәсілдерін реформалауға шақырды.

Сондай–ақ, жуырда Atameken Business телеарнасының «Анығын айтсақ» бағдарламасында да жер шарын жайлаған құрғақшылық туралы сөз болды. Жаз айлары Жер шарының халықтарына жайсыз тиюде. Әлемнің түкпір-түкпірі шөлге айналып, орман-тоғайлар өртеніп, коронавирустың салдарынан еңбек өнімділігі де төмендеп  жатыр.

Өкінішке орай, бұл жағдай елімізден айналып өтпеді. Қазақ елін де құрғақшылық пен қымбатшылық қатар қыспаққа алды. Ал пандемияны қоса алсақ Қазақстан халқы қиын кезеңге тап болып отыр. Қарапайым ғана көкөністер мен қайта өңделген азық-түлік тауарлары шарықтай қымбаттау үстінде. Бұған дейін елде сәбіз бен картоп бағасының күрт өскені хабарланған еді.

Ал, Маңғыстау облысында құрғақшылықтан аштан азып кеткен жылқылардың суреттері тіпті жаға ұстатады. Суреттерді Facebook қолданушысы Бердімұрат Төрекенов жариялаған. Оның айтуынша, Маңғыстау облысындағы бірнеше ауылда жылқылар өлім аузында тұр. Төрекеновтың сөзінше, биыл далада жаңбыр жоқ, жайылымдар кеуіп кеткен, жем жетіспегеннен жылқыларға берер азық жоқ.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметі бойынша Қазақстанның алты өңірінде құрғақшылық болады деп күтіледі. Бұған дейін мәжіліс депутаттары Қызылорда және Маңғыстау облыстарында төтенше жағдай енгізуді ұсынған еді. Олардың айтуынша, бұл өңірлерде мал азығына қатысты жағдай өте қиын. Онда аштықтан, тек ресми мәліметтер бойынша, екі мыңға жуық мал өлген.

«Қазгидромет» мамандары мұндай ауа райы маусым айы бойы сақталады деп болжап отыр. Құрғақшылық салдарынан өрт оқиғалары да жиілеуі мүмкін.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
446.75
-0.02
EUR
477.74
-0.08
RUB
5.49
-0.32
TJS
41.03
+0.01
TMT
127.94
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+16°C Мәскеу
+18°C Астана
+30°C Бішкек
+28°C Алматы
+32°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+34°C Ташкент

Соцсети