• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
37 Категория: Аналитика - Жарияланды 06/08 - 15:33

НҰРСҰЛТАН, 6 - тамыз. - Eurasia Today. Кеше, 5 тамызда Иран Ислам Республикасының жаңа президенті Сейед Ибраһими Раисидің инаугурация рәсімі өтіп, ресми түрде елді басқару жауапкершілігін мойнына алды.

Иранның он үшінші үкіметінің басшысы, осы елдегі сегізінші президент ретінде іске кіріскен Раисидің алдында қандай маңызды міндеттер тұр?
Елді екі кезең, яғни төрт жылдан екі рет басқарған қалыпты реформатор Хасан Руханиден кейін сайлауда жеңіске жетіп, Министрлер кабинетінің басшысы болған Сот билігінің бұрынғы төрағасы, консерватор Раиси қазіргі таңда Иранда көптеген шешімін таппаған мәселелермен бетпе-бет келді. Соның ішінде коронавирусқа қарсы вакцинациялау, елдің маңызды салаларына Америка салған санкцияларды жою, қоғамдық сенімді қайтару, басқаша айтқанда халықтың сеніміне кіру сияқты үш басты міндет өзекті жағдайда іс басына келді. Бұлармен қатар санкция салдарынан тұралаған елдің экономикасы халықтың тұрмыс жағдайына айтарлықтай қиындық тудырғандықтан елдің әл-ауқатын жақсарту да кезек күттірмейтін мәселеге айналды.
Былтыр, 2020 жылы басталған Covid-19 пандемиясы бүкіл әлемдегідей Иранда да әлі толық ауыздықталмай тұр. 
Иранның азаматтық хал актілерін тіркеу ұйымы биылғы жылдың алғашқы 18 аптасында бүкіл елдегі өлім-жітім көрсеткіші туралы есеп жариялады. Соған сәйкес, бұл статистика корона вирус пандемиясына дейінгі кезеңмен салыстырғанда шамамен 60 пайызға артқан. 
Осы ресми мекеменің статистикасына сәйкес, ағымдағы жылдың алғашқы 18 аптасында, яғни 22 наурыздан осы уақытқа дейін Иранда қайтыс болғандар саны 176 мың адамға жеткен. Бұл көрсеткіш хижра жыл санағы бойынша 1395-1398 жылдардың сәйкес кезеңінде 108-110 мың адамды құраған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия аяқталып, ауру қауіп төндірмеуі үшін коронавирусқа қарсы әлем халқының 70 пайызы вакцина алуы керек екенін мәлімдеді.
Сондықтан халықты сапалы, денсаулыққа қауіпсіз вакцинамен қамтамасыз ету барша мемлекет басшыларының міндеті сияқты Иран президентінің де алдында тұрған мәселе.
Иранда әзірше төрт вакцина бар. Халыққа Ұлыбританияның AstraZeneca, Ресейдің Sputnik V, Үндістанның Bharat Biotech, Қытайдың Sinopharm вакциналары салынады. Бұл ел жуықта Кубамен бірлесіп, коронаға қарсы вакцина өндірісін бастағанын хабарлады.  
Дегенмен, халықтың көп мөлшері әлі вакцина алып үлгерген жоқ. Вакцина жетіспегендіктен, Армения сияқты көршілес елдерге барып салдыруда.  
Екінші басты мәселе – Американың Иранға  қарсы салған санкциясы.  
Иранға қарсы санкциялар – Америка үкіметі тікелей немесе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі арқылы осы елдің экономика, сауда, ғылым, адам құқығы және әскери салаларына салған санкциялар. Бұл мәселе Хасан Рухани басқарған он екінші үкіметте де шешімін тапқан жоқ. Сол себепті Раиси үкіметі бұл салада жетістікке жетсе, ел экономикасын тығырықтан шығаратын бірден бір фактор болмақ. 
Үшінші міндет – халықтың сеніміне ие болу. Халық – елдің негізі, тұғыры. Халықтың қолдауына ие ел басшысының ісі өрге басатыны анық. Сондықтан Раисидің өзі үшін де бұл маңызды. Өйткені ол теледидардан сөйлеген сөзінде халықпен жақын байланысты сақтауға күш салатынын, себебі бұл байланысқа қатты мұқтаж екенін  мәлімдеді. 
Қалай болғанда да сайлауда 61,95 пайыз дауыс жинап, ел тізгінін қолына алған бұрынғы Сот төрағасы Сейед Ибраһими Раисидің аталған міндеттерді төрт жылдық президенттік кезеңінде еңсеруі үшін көп күш-жігер жұмсауы керек екені анық.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
423.79
0.00
EUR
497.36
0.00
RUB
5.80
0.00
TJS
37.43
-0.01
TMT
121.05
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+10°C Мәскеу
+5°C Нұр-Сұлтан
+16°C Бішкек
+16°C Алматы
+22°C Душанбе
+21°C Ашхабад
+20°C Ташкент

Соцсети