• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
742 Категория: Аналитика - Жарияланды 16/08 - 16:15

НҰРСҰЛТАН, 16 - тамыз. - Eurasia Today. «Талибан» тобы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) кеше, 15 тамызда Ауғанстан астанасы Кабулды басып алды.

Бұл – Талибан қозғалысының 20 жылдан кейін Кабулға бірінші рет енуі.

Содан бірер сағаттан соң БАҚ-да президент Мұхаммед Ашраф Ғани елден кетіп, Тәжікстанға бет алды деген хабар тарады. Алайда Тәжікстан СІМ бұл хабарды теріске шығарып, мәлімдеме жариялады. Ашраф Ғани Өзбекстан астанасы Ташкентке, тіпті бір расталмаған деректер бойынша, Оманға аттанды деген ақпарат та жарияланды. 

Осындай оқиғадан кейін Ашраф Ғани Facebook әлеуметтік желісіндегі паррақшасыннда жазба жариялап, «өмірінің соңғы жиырма жылын қорғауға арнаған туған елден кету немесе сарайға кіргісі келетін қарулы талибандармен бетпе-бет келу» деген екі мәселе бойынша қиын таңдау жасауға мәжбүр болғанын, қантөгіс болмауы үшін елден кеткенін мәлімдеді. Алайда қай елді бас сауғалағаны туралы жақ ашқан жоқ.
БАҚ-дағы суреттер мен репортаждардан «Талибан» тобы мүшелерінің Кабулдағы Президент сарайына еніп, сонда отырғаны көрінеді. 

Соның салдарынан Ауғанстанның саяси, әскери және қоғамдық салаларында аласапыран жағдай орнады. Мыңдаған адам Ауғанстаннан кету мақсатында Хамид Карзай атындағы халықаралық әуежайға ағылды. Алайда кешеден бері Кабул азаматтық әуежайының жұмысы толығымен тоқтап тұр. Әуежай қызметкерлері мен басшылары жұмыс орындарынан кеткендіктен, әуежайдың ұшу жүйесін ешкім басқарып отырған жоқ. Куәгерлердің айтуынша, елден кеткісі келіп, сергелдең күй кешкен адамдар қайткен күнде де, тіпті кейбіреуінің қолында төлқұжаттары болмаса да ұшу алаңында бос тұрған ұшақтарға мініп алған. 

Осындай жағдайда әлеуметтік желі қолданушылары әуежай аумағынан ауық-ауық атылған мылтық дауысы естілетінін хабарлауда. 

Frans Press агенттігінің хабарлауынша, оқты АҚШ әуе күштері атып жатыр. Әзірше зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Америкалық бір жауапты тұлға Reuters агенттігіне берген сұхбатында әуежайдағы әскерилердің жиналған адамдарды бақылауда ұстау үшін аспанға ескерту ретінде мылтық ататынын айтты. 

Кабул әуежайы да Фейсбук ресми парақшасында мәлімдеме жариялап, жолаушыларға әуежай жұмысының тоқтап тұрғанын хабарлап, ешкімнің алдауына түспеуге кеңес берді.

Америка және Австралия, Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, Оңтүстік Корея, Катар және Ұлыбритания сияқты әлемнің алпыстан астам елі ортақ мәлімдеме жариялап, Ауғанстанда билік басындағы адамдардан осы елдің аумағынан ауған және шетел азаматтарының аман-есен шығуына рұқсат беруді сұрады. Мәлімдемеде сонымен қатар Ауғанстанның барлық әуежайы мен шекара өткелдерін ашық қалдыру қажеттігі баса айтылды.
Бірлескен мәлімдемеде мемлекеттер Ауғанстандағы бейбіт адамдардың өмірі мен мүлкін қорғауға елдегі билік басындағыларды жауапты деп атады.

АҚШ Мемлекеттік департаменті АҚШ Қорғаныс министрлігімен бірлескен мәлімдемесінде АҚШ әскері Кабулдағы Хамид Карзай халықаралық әуежайының қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін, АҚШ әскері қарауыл мұнарасы мен ұшуды басқару жүйесін де өз бақылауына алатынын мәлімдеді.
Кеше Ашраф Ғани елден кеткен соң бұрынғы президент Хамид Карзай, Ауғанстан Жоғарғы татуласу кеңесінің төрағасы Абдулла Абдулла және Гүлбуддин Хекматияр билікті бейбіт жолмен беру кеңесін құрды.

Бұл жөнінде Хамид Карзай Твиттерде былай деп жазды: «Ашраф Ғани мырза мен жауапты тұлғалардың елден кетуімен бейберекеттіктің алдын алу және халықтың қиындығын азайту, бейбітшілікке қатысты істі неғұрлым жақсырақ басқару және үкіметті бейбіт түрде өткізу мақсатында Ауғанстан Жоғарғы татуласу кеңесінің төрағасы Абдулла Абдулла, Ауғанстан ислам партиясының жетекшісі Гүлбуддин Хекматияр және осы елдің бұрынғы президенті Хамид Карзайдан тұратын Үйлесім кеңесін құрдық».

Талибандар бұған дейін астананы күшпен басып алуға ниеті жоқ екенін және өтпелі үкіметті күтетінін айтқанымен, кейін Кабулға кіретінін және өтпелі үкіметке мұқтаж емес екенін мәлімдеді.

Әлемнің көптеген елі, соның ішінде Ұлыбритания халықаралық қауымдастық мүшелерін Ауғанстандағы «Талибан» үкіметін (Қазақстанда тыйым салынған радикалды қозғалыс) мойындамауға шақырады. Бұл туралы Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон кеше, 15 тамызда мәлімдеді.

Мұның алдында НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Брюссельде Ауғанстандағы жағдай бойынша өткен Солтүстік Атлантикалық кеңестің шұғыл отырысынан кейін халықаралық қауымдастықтың Ауғанстанда күшпен басып алған «Талибанның» (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) билігін мойындамайтынын қуаттаған болатын.

Ауғанстандағы бұл жағдай Америка президенті Джо Байден осы елде жиырма жыл орналасқан әскерилерін шығару үдерісін бастаған соң болды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
446.75
-0.02
EUR
477.74
-0.08
RUB
5.49
-0.32
TJS
41.03
+0.01
TMT
127.94
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+21°C Мәскеу
+18°C Астана
+30°C Бішкек
+28°C Алматы
+32°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+34°C Ташкент

Соцсети