• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1105 Категория: Аналитика - Жарияланды 06/10 - 09:32

НҰРСҰЛТАН, 6 - қазан. - Eurasia Today. Бес жыл ішінде Қазақстаннан Кайман аралдарына-1,7 млрд доллар, Люксембургке-1,1 млрд доллар, ал ең көп қаражат Нидерланд еліне-17,6 млрд доллар көлемінде инвестиция құйылған. Бұл туралы ақпарат торабының тілшісі Ұлттық Банк таратқан ақпаратты сараптап көрді.

«Бұрын салынған қаражаттың нарықтық құны өсті. Мысалы, Кайман аралдарындағы қазақстандық активтердің қоры бес жыл ішінде 500 млн долларға ұлғайды. Былтыр Қазақстанның шетелге құйған инвестиция көлемі 1,4 млрд доллар болды. Нидерланд мемлекетіне көп қаражаттың аударылуы осы елде қазақстандық бірлескен компаниялардың көптеп ашылуымен байланысты. Бұл елде салық жүйесі жеңілдетілген. Ал Кайман аралдарына келетін болсақ, онда ұжымдық инвестиция қорлары белсенді дамыған»,-делінген Ұлттық Банк хабарламасында. 

Біз көбінесе «Шетелден тікелей инвестиция тартылды» деген мазмұндағы хабарды жиі оқимыз. Ал, Қазақстан қандай мемлекеттерге инвестиция құйып отыр? Еліміздің әлеуеті қандай? Енді осы сауалдар жауабына тоқталсақ. 

Даму жолында дүние жүзі елдерінің демеу қаржысы қажет. Біздің елдің географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы, жерінің асты мен үстіндегі мол байлығы шетелдік инвесторларды талай жылдан бері қызықтырып келеді. Осыны жақсы білетін инвесторлар Қазақстанға инвестиция құюға құмартып тұрады. Себебі салынған бір долларды бес долларға айналдырып, көбейтіп алуға болатынын олар жақсы біледі. 

Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров маусым айында өткен баспасөз мәслихаттарының бірінде былтыр біздің елге 17,1 млрд доллар инвестиция құйылғанын атап өтті. Жалпы, соңғы 10 жылда Қазақстанға жыл сайын орташа есеппен 24 млрд доллар инвестиция тартылып отырған. Ал былтырғы көрсеткіштің пандемияға байланысты құлдырағаны белгілі. 

Қазақстан инвестиция тартып қана қоймай тәуелсіз ел ретінде шет мемлекеттердің дамуына инвестиция құюда. Бұл бір жағынан еліміздің алдыңғы қатарлы мемлекеттер секілді дамығанын көрсетсе, екінші жағынан Қазақстанның сыртқы имиджіне оң әсер етеді. 

Қазақстан инвестициясының көп бөлігі Ұлыбритания мен Кайман аралдарына жөнелтілген. Еліміздің қаржысын жиі қабылдайтын елдердің қатарында Нидерланд, Ресей, Сингапур және Қырғызстан бар. Қытай, Өзбекстан, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктері де осы қатарда.

Қазақстанның инвестициялық қаржысының 90 пайызы жоғарыда аталған мемлекеттерге салынады. Аз көлемдегі инвестициялар Бельгия, Болгария, Гонконг, Үндістан және Малайзия сынды мемлекеттерге бағытталған. 

Ұлттық банктың 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы деректеріне сүйенсек Қазақстаннан шет мемлекеттерге 331 млн доллар инвестиция құйылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 73 пайызға немесе 140 млн долларға жоғары. Былтыр салыстырмалы кезеңдегі көрсеткіш 191 млн долларды құраған. 

Қазақстан дербек ел ретінде 2000 жылдардың орта тұсынан бастап шет мемлекеттерге инвестиция құя бастаған. 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан сыртқа 29,2 млрд доллардан астам инвестиция жұмсапты. Соның көп бөлігі Нидерланд (17,8 млрд доллар), Ресей (2 млрд доллар) және Кайман аралдарына (1,5 млрд доллар) тиесілі. 

Қазақстаннан көп инвестиция алған өңірдің бірі-Кайман аралдары. 

Неге Қазақстан Кайман аралдарына инвестиция құйып отыр деген сауал жауабын қарастырып көрсек. 

Ұлттық банктың хабарлауынша, Кайман аралдары ұжымдық инвестициялық қорлардың қарқынды дамуынан кейін әлем инвесторлары үшін тартымды бола түскен. Азғантай ғана халқы бар, Кариб теңізінің батыс бөлігінде орналасқан Кайман аралдары шетелдік инвесторлар үшін тиімді мемлекет саналады. Бұл елде ешқандай кедергісіз-ақ инвестициялық қор құруға болады әрі тәуекелі де төмен. Әлемдегі инвестициялық қорлардың шамамен 80 пайыздан астамының Кайман аралдарында тіркелуінің мәні де осында. 

Кайман аралдары-дүние жүзіндегі негізгі қаржы орталықтарының бірі. Мұнда 300-ге жуық банк бар. Сондай-ақ оффшорлық және бухгалтерлік салада қызмет көрсететін заң фирмалары да айтарлықтай. Кайман аралдарында қандай да бір инвестициялық қорды тіркеу жылдам әрі қиындықсыз атқарылады. Қаржылық есепті, бухгалтерлік аудитті ұсыну керектігі туралы ешқандай талап жоқ. Тікелей салық та салынбайды. Яғни, меншік салығы, капитал өсімінен түсетін кіріс үшін табыс салығы ұсталмайды. Сондай-ақ Кайман аралдарындағы қорларды әлемнің кез келген жерінде отырып басқара беруге болады. Валюталық бақылау деген де жоқ. Жарғылық капиталдың мөлшері әрі оны төлеу туралы талаптар да қарастырылмаған. 

Қазақстан Кайман аралдарына міне осы себептерге байланысты  қаржы құюда. 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети