• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
5761 Категория: Аналитика - Жарияланды 15/12 - 10:34

НҰР-СҰЛТАН, 15 - желтоқсан. - Eurasia Today. Тәуелсіз сарапшы Евгений Кудряц кеше, 14 желтоқсанда Central Asia. news агенттігіне берген сұхбатында Тәжікстанның Хорогтағы Таулы Бадахшан автономиялық облысындағы Гулбиддин Зиёбековтің өліміне қатысты орын алған наразылық шеруі туралы ойымен бөлісті.

Сарапшының пікірінше, Хорогтағы оқиғаның орын алу себебін жақсы түсіну үшін Таулы Бадахшан автономиялық облысы тарихына терең үңілу қажет. 

«Таулы Бадахшан автономиялық облысы Тәжікстанның бүкіл аумағының 44,9 пайызын алып жатыр. Онда тәжіктер, памирлер, қырғыздар мен өзбектер тұрады», - дейді Кудряц.

Сарапшы Таулы Бадахшанның байырғы тұрғындарының 20 ғасырдың 50-ші жылдарында республиканың оңтүстік-батысына күштеп қоныс аударылғанын атап өтті.

Тәжікстанда тәжіктердің сүннит болуы, ал памирліктердің шейіт болуы бір жағынан  этникалық бөліністі күшейтті.  Екінші жағынан Таулы Бадахшан Тәжікстандағы ең үлкен облыс. Халық саны жағынан аз бұл аймақ Қырғызстан, Қытай және Ауғанстанмен шекаралас болуына байланысты стратегиялық жағынан аса маңызды.

Бірқатар сарапшылар бұған дейін де Тәжікстанның талибандардың назарына түсуі мүмкін екенін де жоққа шығармаған болатын. Сарапшы Кудряц пікірінше, «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) база құру үшін Таулы Бадахшан автономиялық облысын қолдануы мүмкін.

Сарапшы: «Жергілікті тұрғындар ұйымды қолдайды дегенге сену қиын. Сондай-ақ ұйым мүшелері көрші елде тыныш отырады дегеннің өзінде Душанбе бұл мәселеде алаңдаушылық танытуы қажет»,- дейді.

Ал, Хорогтағы оқиғаның орын алуына 29 жастағы жігіттің белгісіз себептермен көз жұмуы себеп болған. Жігіттің жақындары оның басынан оқ іздерін көргенін айтып, 25 қараша күні Хорог үкімет ғимаратының алдындағы алаңға қаза болған жігіттің мәйітін көтеріп барған. Артынша наразылар саны бірден көбейіп, арты полициямен қақтығысқа дейін ұласады.

Памир үстіртіндегі автономиялы аймақта болған наразылық және онда оқ атылып, қан төгілуі көршілес елдер мен аймақтардың назарын аудармай қоймайды. Аймаққа ықпал еткісі келетін Ресей, Қытай секілді державалардан тартып, Ауғанстанда билікке келіп жатқан топтар да көз тіккені сөзсіз.

Кейбір сарапшылар Хорогтағы  кезекті наразылық памирліктердің тәжік билігіне бағынғысы келмейтінін көрсетеді деп санайды. Хорог қаласы Ауғанстан шекарасына тиіп тұрғандықтан тәжік билігі өте қауіпті мәселелерге жол бермеуі керек. Неге десеңіз Тәжікстандағы азаматтық соғыс кезінде Бадахшан бір мезгіл тәуелсіздігін де жариялаған болатын.

Сарапшылар пікірінше,  қазіргі таңда қараша айында болған Хорогтағы  наразылық шерулер, яғни Бадахшанның билікке төндіретін қаупі  90-шы жылдардағыдай болмағанымен  әлі де Душанбені алаңдатып отыр.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
+1.54
USD
432.72
-0.33
EUR
454.14
-0.46
RUB
6.80
+1.61
TJS
35.94
+1.14
TMT
128.31
+1.14
UZS
0.04
+1.37

Ауа-райы

 

+20°C Теһран
+8°C Мәскеу
+15°C Нұр-Сұлтан
+15°C Бішкек
+15°C Алматы
+17°C Душанбе
+24°C Ашхабад
+19°C Ташкент

Соцсети