• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1121 Категория: Аналитика - Жарияланды 20/06 - 13:19

НҰР-СҰЛТАН, 20 - маусым. - Eurasia Todaу. Ресейдің Украинадағы әскери әрекеттері бүкіл әлемде азық-түлікті қымбаттатып, дамушы елдердегі тапшылықты, аштықты және саяси тұрақсыздықты күшейту қаупін туындатып отыр.

Ресей мен Украина дүниежүзіндегі бидай мен арпаның үштен бір бөлігін, күнбағыс майының 70 пайыздан астамын экспорттайды.

Сонымен қатар жүгерінің ірі жеткізушілері болып табылады. Ал Ресей тыңайтқыштарды өндіру бойынша бірінші орында.

Онсыз да дүниежүзілік азық-түлік бағасы көтерілген кезде екі ел арасындағы жанжал бұл жағдайды тіпті нашарлатып, украиналық астықтың Таяу Шығысқа, Солтүстік Африкаға және Азияның кейбір бөліктеріне өтуіне бөгет жасап отыр.

Украинаның Қара теңіз порт тарынан астық шығаруға арналған қауіпсіз дәліздер ашу туралы жүргізілген келіссөздер өкінішке орай, мардымды нәтиже бермеді. Ал қазіргі жазғы егін жинау науқаны жақындаған сайын бұл мәселенің өзектілігі артып отыр.

Сарапшылар бұл жөнінде алдағы екі айда қорқынышты болатынын ескертеді.

Массачусетс Амхерст университетінің ғалымы және Киев Экономика мектебі кеңесінің мүшесі Анна Нагурнидің айтуынша, дүниежүзінде 400 миллион адам украиналық азық-түлікке тәуелді. Ал, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы 41 елдегі 181 миллионға жуық адамның биыл азық-түлік дағдарысына немесе аштыққа ұшырауы мүмкін екенін болжап отыр.

Әдетте Украинада орылатын бидай мен басқа да астықтың 90 пайызы әлемдік нарыққа теңіз арқылы жөнелтіледі, алайда қазіргі таңда Қара теңіз жағалауындағы порттар Ресейдің блокадасында қалып отыр. Қазір біраз астық жаһандық нарыққа Еуропа арқылы теміржол мен автомобиль арқылы жеткізіліп жатыр. Дегенмен, бұның бәрі паромдармен, кемелермен тасымалдағанға жетпейді.

Украина ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Маркиан Дмитрасевич Еуропалық одақ депутаттарынан астықты көбірек экспорттауға, соның ішінде, Қара теңіздегі Румыня портын пайдалануды көбейтуге, Дунай өзенінде жүк терминалдарын көбейтуге, Польша шекарасында жүктерді өткізуге қатысты бюрократияны жоюға көмек беруді сұрап отыр.

Вашингтондағы Халықаралық азық-түлік саясатын зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Джозеф Глаубердің сөзінше, Украина соғыс басталғалы айына 1,5 миллионнан 2 миллион тоннаға дейін астық экспорттаған. Ал, бұрын бұл көрсеткіш 6 миллион тоннадан жоғары болатын.

Сондай-ақ Ресейдің азық- түлігі мен тыңайтқыштары да Батыстың банк ісіне және кеме қатынасына салған санкциялары салдарынан сыртқа шықпай отыр. Сондықтан, Ресей астықты әлемдік нарыққа шығару үшін санкцияларды алып тастауды талап етіп отыр.

Украина Президенті Владимир Зеленский Ресейді жаһандық азық-түлік дағдарысын туындатты деп айыптап отыр. Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мищель мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкин Ресейді азық-түлікті қаруға айналдырып алды деп есептейді.

Ал бұл жағдайдан кімдер көп зардап шегіп отыр? Сомали, Ливия, Ливан, Мысыр және Судан сынды мемлекеттер екі елдің бидайына, жүгерісі мен күнбағыс майына қатты тәуелді. Аштықтан бөлек, азық-түлік бағасының шарықтауы да бұл елдерге саяси тұрақсыздық қаупін де төндіріп отыр.

ЮНИСЕФ-тің ескертуінше, әлем Украинадағы қақтығысқа назар аударумен шектелмей, әрекет етпесе Сомалиде 200 мыңнан аса адам аштықпен бетпе-бет келіп, қыркүйек айына дейін сұмдық ашаршылықты бастан өткеруі мүмкін. Сондай-ақ, 19 миллион йемендік азық-түлік тапшылығына душар болуы да мүмкін.

БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылғы ұйымының көрсеткен бидай бағасы индексінде, биылғы жылдың алғашқы үш айында өткен жылмен салыстырғанда бидай құны 45 пайызға өскен. Ал өсімдік майы 41 пайызға қымбаттаған. Сондай-ақ қант, ет, сүт және балық өнімдері де қымбаттағанын көруге болады.

Қазір бірқатар ел ең алдымен ішкі нарықты қамтамасыз етуге әрекеттеніп жатыр. Мысалы, Үндістан қант пен бидай экспортын шектеді, Малайзия тірі тауық экспортын тоқтатты. Өзбекстан да өсімдік майын экспорттауға тыйым салса, Қырғызстан қантты экспорттауға тыйым салды.

Gro Intelligence ауыл шаруашылығы деректері жөніндегі аналитикалық компания өкілі Стив Мэтьюстің мәліметінше, биыл тапшы әрі қымбат тыңайтқышты фермерлер үнемдегендіктен алқап өнімділігі де төмен болмақ.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
459.84
+0.08
EUR
506.10
+1.17
RUB
6.58
+0.74
TJS
44.68
-0.11
TMT
131.28
+0.08
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+3°C Теһран
-9°C Мәскеу
-15°C Астана
 0°C Бішкек
 0°C Алматы
+9°C Душанбе
+10°C Ашхабад
+7°C Ташкент

Соцсети