• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
834 Категория: Аналитика - Жарияланды 25/07 - 12:19

НҰР-СҰЛТАН, 25 - шілде. - Eurasia Todaу. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Хиссейн Брахим Тахамен кездесуде Қазақстанның Ұйым аясында мұсылман елдерімен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бейілді екенін нақтылады.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті мен ИЫҰ-ның Бас хатшысы аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер туралы, сондай-ақ Қазақстан мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы арасындағы ықпалдастықты одан әрі тереңдетудің перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ИЫҰ-ның саяси, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және гуманитарлық салаларда байланыстар орнатуға ықпал ететін инклюзивті платформа ретіндегі жұмысын жоғары бағалады.

Мемлекет басшысы Ислам ынтымақтастығы ұйымымен арадағы іс-қимылдар туралы айта келе, Қазақстанның Ұйым аясында мұсылман елдерімен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бейілді екенін нақтылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хиссейн Брахим Таханы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысуға шақырды. Бұл форум биыл күзде Қазақстан астанасында өтеді.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
457.22
0.00
EUR
492.86
-1.11
RUB
6.00
+0.68
TJS
41.90
+0.01
TMT
130.63
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+20°C Теһран
+5°C Мәскеу
+6°C Астана
+18°C Бішкек
+17°C Алматы
+22°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети