• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
380 Категория: Главные новости - Жарияланды 03/03 - 09:59


АСТАНА, 03 - наурыз. - Eurasia Todaу. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов ҚХР-дың Қазақстандағы Елшісі Чжан Сяомен кездесу өткізді.

Тараптар сауда-саттық, инвестициялар тарту, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, цифрлық технологиялар, трансшекаралық өзендерді пайдалану және т.б. салалардағы мемлекетаралық ынтымақтастықты кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Премьер-министр Қытай елінің Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі екенін атап өтті.
Өз кезегінде Чжан Сяо «Біз экономикалық қарым-қатынастарымызды сапалы жаңа деңгейге шығару үшін зор әлеует бар деп санаймыз. Алдымызға жаңа, биік мақсаттар қоюымыз керек»,-деді.
Кездесу барысында тараптар «Қорғас» ШЫХО-ның жұмысын қалпына келтіру, «Бақты-Покиту» автомобиль өткізу бекеті ауданында үшінші темір жол өткелін ашу, Транскаспий халықаралық ірі автомобиль жолдарын салу және машина жасау саласында жаңа өндірістерді құру мәселесін қозғады.
 Сонымен қатар таяу болашақта Астана мен Бейжің арасында аптасына үш рейс жиілігімен әуе қатынасын қалпына келтіру және азаматтардың өзара сапарлары кезіндегі рәсімдерді оңайлату жоспарланып отырғаны атап өтілді.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
444.89
+0.14
EUR
477.21
+0.45
RUB
5.44
-0.40
TJS
40.80
+0.01
TMT
127.23
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+13°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети