АСТАНА, 20 - наурыз. - Eurasia Todaу. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны АҚШ-та өткен WTA 1000 Indian Wells турниріндегі жеңісімен құттықтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтаймын! Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін!", - деп жазды мемлекет басшысы өзінің Instagram парақшасында.
Еске салайық, бұған дейін Рыбакина Америка Құрама Штаттарында өткен WTA 1000 Indian Wells турнирінде өз мансабында алғаш рет жеңіске жетіп, үздік теннисшілердің әлемдік рейтингінде жетінші орынға көтерілді.
Теңге бағамы
Ауа-райы