• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
773 Категория: Главные новости - Жарияланды 17/05 - 10:43

АСТАНА, 17 - мамыр. - Eurasia Todaу. Иран мен Ресейдің Жоғарғы сот төрағалары Мәскеуде кездесіп, екі елдің ұйымдасқан қылмыстар және лаңкестікке қарсы күрес саласында әріптестігін нығайту керегін қуаттады.

Иран Ислам Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Ахмад Мортазави Моқаддам Мәскеуде Ресей Жоғарғы Сотының төрағасы Вячеслав Лебедевпен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастың даму үдерісіне тоқталды және сот саласында қарым-қатынасты дамыту керегін айтты.
Иран Жоғарғы Сотының төрағасы кездесу барысында Вячеслав Лебедевпен екіжақты меморандумның алғынұсқасын өзінің ресейлік әріптесіне ұсынды.
Ахмад Мортазави Моқаддам Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше екеніне тоқталып, ұйымдасқан қылмыстар және лаңкестікке қарсы күрес саласында әріптестікті нығайту қажеттігін айтты.
Вячеслав Лебедев те осы кездесуде Мәскеудің Теһранмен қарым-қатынасты дамытуды қалайтынына тоқталып, Иран ұсынған сот саласындағы байланысты дамыту туралы екіжақты меморандумның алғынұсқасын қарастыратынын және әріптестікті нығайтуға дайын екендігін жеткізді.
Сондай-ақ ресейлік әріптесінің шақыруымен Мәскеуге іс-сапармен барған Иран Ислам Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы кеше, сейсенбі күні Ресей Федерациясының Бас прокуроры Игорь Красновпен де кездесіп, сұхбаттасты. Олар түрлі елдердің, соның ішінде Иран мен Ресейдің сот органдары арасында тәжірибе алмасу қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар Иран Ислам Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы бүгін, сәрсенбі күні Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасымен кездеседі.
Жұма күні Ресейге сапарының соңында Иран Ислам Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Мәскеуден Теһранға жол тартады.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+9°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети