АСТАНА, 17 - мамыр. - Eurasia Todaу. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.
Шавкат Мирзиеев телефон арқылы сұхбат барысында Түркия Президентін елдегі президент және парламент сайлауының сәтті өтуімен құттықтады.
Сонымен қатар тараптар әңгімелесу барысында өзбек-түрік қатынастарын одан әрі нығайтудың кешенді стратегиялық әріптестік пен көпжоспарлы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері туралы пікір алмасты.
Еске сала кетсек, 14 мамыр күні Түркияда президент және парламент сайлауы өтті.
Режеп Тайып Ердоған 14 мамырда сайлауға қатысып, 49,45 пайыз дауыс жинап, 50 пайыздық межеден өте алмады. Енді Түркиядағы президенттік сайлаудың екінші туры 28 мамырда өтеді.
Теңге бағамы
Ауа-райы