АСТАНА, 18 - мамыр. - Eurasia Todaу. Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында Эмомали Рахмон Қазақстан Республикасының Президентін жетпіс жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтап, оған денсаулық, бақыт және алдағы жоспарларды жүзеге асыруда табыс тіледі. Сонымен қатар Эмомали Рахмон бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік, гүлдену және одан әрі өркендеу тіледі.
Әңгімелесу барысында президенттер Тәжікстан Республикасы Президентінің осы жылдың мамыр айының басында Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында тараптар қол жеткізген уағдаластықтарды белсенді жүзеге асырудың маңыздылығына баса назар аудара отырып, тәжік-қазақ стратегиялық әріптестігінің өзекті мәселелерін қарастырды.
Тараптар сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде ертең Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында өтетін «Орталық Азия-Қытай» форматындағы бірінші саммитті талқылады.
Теңге бағамы
Ауа-райы