• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
428 Категория: Главные новости - Жарияланды 24/05 - 09:35

АСТАНА, 24 - мамыр. - Eurasia Todaу. 23 мамырда Сингапур Республикасының Президенті Халима Якуб Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді. Бұл сапар Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен орын алды.

Елорда әуежайында мәртебелі мейманның құрметіне екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, құрметті қарауыл сапқа тұрды.
Сингапур Президенті мен оның жұбайын Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары З.Махкамова, Сыртқы істер министрі Б.Саидов және Ташкент қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ш.Өмірзақов қарсы алды.
Мәртебелі мейман мен сингапурлық делегация мүшелері Янги Өзбекстан саябағында болып, онда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды. Өзбекстанның тәуелсіз дамуы және осы бірегей кешеннің құрылу тарихымен танысты, сондай-ақ ұлттық мәдени орталықтар өкілдерімен кездесті.
Сапардың негізгі шаралары бүгінге жоспарланған.
Айта кетейік, Сингапур президенті Халима Якуб күйеуімен Өзбекстанға мемлекеттік сапармен «Uzbekistan Airways» компаниясының тұрақты рейсімен Астанадан ұшып келген.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+9°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети