• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
66 Категория: Главные новости - Жарияланды 28/04 - 20:17

НҰРСҰЛТАН, 28-сәуір. - Eurasia Today.  Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының өкілеттігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды.

Бұл жайында ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында мәлімдеді.

Сессияны қорытындылай келе Қазақстанның Тұңғыш Президенті Назарбаев ҚХА төрағасы лауазымын елдің іс басындағы Президенті атқаруы тиіс екенін айтты. 

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңға, Ассамблея туралы заңға сәйкес маған Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы лауазымын өмір бойы атқару құқығы берілген. Жалпы, мен сіздермен барлық уақытта бірге боламын әрі одан бас та тартпаймын.

Дегенмен, Ассамблеяны басқаруға қатысты бірқатар құзірет еліміздің Президентіне жүктелген. Тіпті, бұл да маңызды емес. Қазақстан халқы Ассамблеясы тірек ретінде іс басындағы Президенттің жанында тұруы тиіс және екінші жағынан Мемлекет басшысы да Ассамблеяға арқа сүйейді. Сондықтан мен Ассамблеяны басқару құқығымды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы шешім қабылдадым», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
427.06
0.00
EUR
516.19
0.00
RUB
5.76
0.00
TJS
37.73
-0.03
TMT
122.02
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+19°C Мәскеу
+14°C Нұр-Сұлтан
+17°C Бішкек
+18°C Алматы
+16°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+21°C Ташкент

Соцсети