• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
24 Категория: Главные новости - Жарияланды 30/04 - 10:20

НҰРСҰЛТАН, 30-сәуір. - Eurasia Today. Қырғыз-тәжік шекарасында жанжал  орын алып, Баткен ауданындағы Көк-Таш ауылында бірнеше үй өртенді. Бұл туралы «Тengrinews.kz» сайты хабарлайды.

Қырғызстан ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға Тәжікстан тарапының Баткен ауданындағы Көк-Таш ауылындағы «Головной» су тарату орталығының жанындағы электр бағанына бақылау камераларын орната бастаған кезде орын алған. Жергілікті тұрғындар жабдықты алып тастауды талап етіп, артынша бір-біріне тас лақтырған. Ал, Душанбе камераның су тарату орталығының Тәжікстанға тиесілі тарапына орнатылғанын айтады.
Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі екі ел арасында орын алған қақтығыс кезінде 1 адамның қаза тауып, 16 адамның зардап шеккені туралы хабарлады. Осы уақытта Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров шекарадағы жағдайға байланысты үкімет мүшелерімен шұғыл кеңес өткізді. Жедел жиналыс нәтижесінде қазіргі жағдайды шешу және зерттеу үшін премьер-министрдің бірінші орынбасары Артем Новиков бастаған жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Елдің сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық арналар арқылы жағдайды бейбіт жолмен реттеу бойынша жұмысты жалғастыру міндеті қойылды.
 

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
427.06
0.00
EUR
516.19
0.00
RUB
5.76
0.00
TJS
37.73
-0.03
TMT
122.02
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+19°C Мәскеу
+14°C Нұр-Сұлтан
+17°C Бішкек
+18°C Алматы
+16°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+21°C Ташкент

Соцсети