• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
655 Категория: Главные новости - Жарияланды 07/06 - 10:03

НҰРСҰЛТАН, 7-маусым. - Eurasia Today. Қытай Sinovac фирмасының COVID-19 вирусына қарсы шығарған CoronaVac вакцинасын балаларға қолдануға рұқсат берді. Бұл туралы Sinovac фирмасының төрағасы Инь Вэйдун мәлім етті.

 Sinovac басшысы Инь Вэйдуннің айтуынша, CoronaVac вакцинасын 3-17 жас аралығындағы балаларға шұғыл қолдануы мақұлданған. 

Инь Вэйдун «Бірақ вакцина қандай жағдайда салынады және қай жастан бастап қолданылатыны әлі толық шешілмеді»,  дейді. 

Айта кетсек, Sinovac аталмыш жас аралығындағы клиникалық сынақтардың І және ІІ кезеңін аяқтады және оған бірнеше жүздеген ерікті қатысты. Нәтижесінде вакцинаның қауіпсіз әрі тиімді екені анықталған.  

Маусым айының басында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Sinovac компаниясының коронавирусқа қарсы шығарған вакцинасының шұғыл жағдайда қолданылуын мақұлдаған болатын.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
+0.50
USD
424.69
-0.04
EUR
504.72
-0.20
RUB
5.82
+0.13
TJS
37.52
+0.59
TMT
121.39
+0.59
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+33°C Теһран
+24°C Мәскеу
+23°C Нұр-Сұлтан
+29°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+36°C Ашхабад
+32°C Ташкент

Соцсети