• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
582 Категория: Главные новости - Жарияланды 09/06 - 17:16

НҰРСҰЛТАН, 9-маусым. - Eurasia Today. Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттігінің 2 жылында Қазақстанның сыртқы саяси қызметі мемлекеттің одан әрі дамуы мен өркендеуі үшін маңызды мәнге ие айтулы оқиғаларға толы болды. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлемдік саясаттың қазіргі үрдістеріне сәйкес елдің сыртқы саяси бағытына жаңа бағыт енгізу қажеттігі өсуде, бұл алдағы уақытта да Қазақстанның халықаралық аренадағы дәйекті және болжамды әріптес ретіндегі беделін нығайтуға ықпал ететін болады. Мемлекет басшысы ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде бұл месседжді тағы да атап өтті: «Біз ұлттық мүдделерді әлемдік аренада нық ілгерілететін боламыз. Елдің сыртқы саяси қызметі елге, ұлттық бизнеске және әрбір азаматқа нақты пайда әкелетін болады». Бұл қағидаттарды негізге ала отырып, Мемлекет басшысы 2020 жылғы наурызда қол қойған Қазақстанның 2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясатының Тұжырымдамасы әзірленді. Стратегиялық құжат Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сыртқы саяси бағытының сабақтастығы, сондай-ақ көп векторлы, прагматизм және белсенділік қағидаттары негізінде елдің сыртқы саясатын іске асыруды регламенттейді», - дейді Әсел Назарбетова.

Сарапшының айтуынша, Президенттіктің алғашқы күндерінен бастап Қ.К. Тоқаев Қазақстанның стратегиялық серіктестерімен, оның ішінде Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Еуропалық Одақ, Орталық Азия мемлекеттерімен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға белсенді ықпал етуде.

Президенттің 2019 жылғы 3-4 сәуірде Ресей Федерациясына, 2019 жылғы 14 сәуірде – Өзбекстан Республикасына, 2019 жылғы 11-12 қыркүйекте – Қытай Халық Республикасына, 2019 жылғы 27-28 қарашада – Қырғызстанға, 2019 жылғы 5-6 желтоқсанда – Германия Федеративтік Республикасына, 2020 жылғы 27-28 қаңтарда – Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми және мемлекеттік сапарлары символдық сипатқа ие болды, олардың шеңберінде екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту құжаттарына қол қойылды.

«Қ.К.Тоқаевтың президенттігі кезіндегі маңызды сыртқы саяси оқиғалар арасынан 2019 жылдың 24 қыркүйегіндегі Нью-Йоркте (АҚШ) өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясының Жалпы дебаттарын ерекше атап өткен жөн. Мемлекет басшысы ретінде сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев ядролық қарудан азат әлем құру туралы Жалпыға бірдей декларацияны ілгерілету қажеттігін, ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және осындай аймақтарды құруға деген ұмтылысымызды, АӨСШК-ті қауіпсіздік пен даму жөніндегі толыққанды өңірлік ұйымға айналдырудың өзектілігін атап өтті, сондай-ақ Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға жәрдем көрсету мандатымен Алматыда БҰҰ-ның ТМД жөніндегі орталығын құру туралы ұсыныс жасады. Сонымен бірге Қ.К. Тоқаев 2020 жылғы 15 ақпанда қауіпсіздік жөніндегі Мюнхендегі беделді конференцияға қатысып, Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне, Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарына, өңірлік қауіпсіздік проблемаларына назар аударды», - дейді Ә. Назарбетова.

Коронавирус пандемиясына байланысты әлем ауқымды дағдарысқа тап болды. Қазіргі уақытта барлық елдер санитарлық дағдарыстың әлемдік қоғамдастыққа теріс әсеріне алаңдаулы, мемлекеттердің күш-жігері эпидемиологиялық және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жағдайда әлем мемлекеттері, халықаралық институттар мен ұйымдар тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп, COVID-19 таралуына қарсы күш біріктіріп, бір-біріне гуманитарлық көмек көрсетуде. Сондай-ақ Қазақстан қырғыз азаматтарын коронавирустың таралу ошақтарынан отанына қайтару кезінде көмек көрсетіп, қазақ-қырғыз шекарасы арқылы жүктердің транзитіне жәрдем берді. Қырғызстан мен Тәжікстанға 5 мың тонна ұн түрінде гуманитарлық көмек көрсетілді.

«Күш-жігерді үйлестіру аясында Мемлекет басшысы түрлі халықаралық алаңдар жұмысына белсенді қатысуда, олардың мақсаты «ковидтан кейінгі» әлемдік тәртіпті талқылау: мысалы, 2021 жылғы 25 мамырдағы өндіруші салалар мәселелері жөніндегі Жаһандық дөңгелек үстел, 2021 жылғы 31 мамырдағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 74-сессиясы, 2021 жылғы 29 наурыздағы Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік виртуалды форумын атауға болады. ҚР Президенті Орталық Азиядағы өңірлік кооперация мәселелеріне ерекше назар аударады. 2021 жылдың ең жоғары деңгейдегі алғашқы офлайн кездесулері 2-3 наурызда Нұр-Сұлтанда Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті С.Жапаровтың ресми сапарында және 19-20 мамырда Қ.К. Тоқаевтың Душанбеге ресми сапарында Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшыларымен болғаны кездейсоқ емес», - дейді саясаттанушы.

Оның айтуынша, Қазақстан Президенті халықаралық қатынастар және дипломатия саласындағы көпжылдық тәжірибесі бар кәсіпқой ретінде қазіргі жаһандық дағдарыстың барлық ұзақмерзімді салдарын терең түсініп отыр, бұл біздің елімізге халықаралық күн тәртібінің тамырына нық сеніммен қарауға және Қазақстанның ұлттық мүдделерін толық ескеретін салмақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

«Өткен 2 жыл ішінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тату көршілік, өзара тиімді әріптестік және халықаралық құқықты сақтау қағидаттарын қатаң ұстанатын субъект ретінде Қазақстанның әлемдік аренадағы рөлін растады, ал іске асырылып жатқан сыртқы саясат, әсіресе пандемия кезеңінде республикамыздың қазіргі заманғы әлемнің кез келген күрделі процестеріне уақтылы және тиімді әрекет ету қабілетін көрсетті», - деп баға берді Ә. Назарбетова.

Еске сала кетсек, осыдан тура екі жыл бұры, 2019 жылдың 9-мауысымында Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Сайлаушылардың 77,5% дауыс беруге қатысты. «Nur Otan» партиясының атынан ҚР Президенті кандидаттығына түскен Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 70,76 %-ы дауыс берген.


 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
+0.50
USD
424.69
-0.04
EUR
504.72
-0.20
RUB
5.82
+0.13
TJS
37.52
+0.59
TMT
121.39
+0.59
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+33°C Теһран
+24°C Мәскеу
+23°C Нұр-Сұлтан
+29°C Бішкек
+26°C Алматы
+37°C Душанбе
+41°C Ашхабад
+38°C Ташкент

Соцсети