• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
26 Категория: Главные новости - Жарияланды 10/06 - 17:17

НҰРСҰЛТАН, 10-маусым. - Eurasia Today. Қатар Мемлекеті Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәни Қазақстанға ресми сапармен келді. 

Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, бұл Қатар сыртқы саяси ведомствосы басшысының Қазақстанға алғашқы келуі. 

Бұл сапар түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға серпін беруге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келген Қатар Мемлекеті Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөз жүргізді.

Келіссөздер барысында, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы Қазақстан-Қатар қатынастарының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективалары қаралды. Тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Сапар барысында Қатар Мемлекеті Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
+0.50
USD
424.69
-0.04
EUR
504.72
-0.20
RUB
5.82
+0.13
TJS
37.52
+0.59
TMT
121.39
+0.59
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+32°C Теһран
+24°C Мәскеу
+23°C Нұр-Сұлтан
+29°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+36°C Ашхабад
+32°C Ташкент

Соцсети