• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
2982 Категория: Главные новости - Жарияланды 06/09 - 09:28

НҰРСҰЛТАН, 6 - қыркүйек. - Eurasia Today. Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында Армия халықаралық ойындарының «Танк биатлоны» конкурсында ел әскерінің намысын қорғаған қазақстандық танкистер командасы үшінші орын иеленді. 

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ақтық жарыс айналымына Әзірбайжанның, Қазақстанның, Қытай мен Ресейдің танк экипаждары шықты.
 Айналым барысында ресейлік танкистер бірден алға озып шықты, олардың соңынан сәл айырмашылықпен Қытай танк экипаждары жетті.  Жүлделі орын үшін тартыс Қазақстан мен Әзербайжан арасында өрбіді.
Ақтық сын айналымындағы нәтижелер бойынша, бірінші болып мәреге жеткен – ресейліктер, екінші – Қытай командасы.
Ақтық сайыстан кейін «Патриот» паркінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Биыл «Танк биатлонына» Әзірбайжан, Абхазия, Беларусь, Венесуэла, Вьетнам, Катар, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан, Моңғолия, Ресей, Сербия, Лаос, Мали, Оңтүстік Осетия, Сирия, Өзбекстан және Мьянма елдерінен 19 команда қатысты.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
423.79
0.00
EUR
497.36
0.00
RUB
5.80
0.00
TJS
37.43
-0.01
TMT
121.05
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+10°C Мәскеу
+5°C Нұр-Сұлтан
+16°C Бішкек
+16°C Алматы
+31°C Душанбе
+27°C Ашхабад
+24°C Ташкент

Соцсети