• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
2376 Категория: Главные новости - Жарияланды 08/09 - 10:10

НҰРСҰЛТАН, 8 - қыркүйек. - Eurasia Today. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы ақпарат тілшісі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылындағы «Сервис Жарс» ЖШС-нің ауыл шаруашылығы алқабына барды.  Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорынға қарасты егістік жерлердің жағдайымен танысып, егін жинау жұмыстарына пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникаларын көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаев дайын әрі өңделген өнімнің, соның ішінде ұнның экспортқа шығарылу көлемі төмендегенін атап өтіп, қолайлы тариф саясаты қажет екеніне баса назар аударды.

«Біз дәстүрлі түрде Өзбекстан, Түркіменстан, Ауғанстан елдерінің нарығына ұн жеткіземіз. Жалпы Үкімет, Сауда минситрлігі тарифті реттеу мәселесімен нақты айналысуға тиіс. Үкімет келешекте астыққа экспорт салығын енгізу мәселесін көтеріп отыр. Бірақ, қазір қалыптасқан ахуалды ескере отырып, бұған әлі ерте деп ойлаймын. Сондықтан тауар өндірушілерге, әсіресе ұн шығаратын кәсіпкерлер үшін субсидия механизмін қайта іске қосуымыз керек. Біз қосымша құнының деңгейі жоғары дайын әрі өңделген өнімдерді экспорттауға тиіспіз», – деді Мемлекет басшысы.

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
423.79
0.00
EUR
497.36
0.00
RUB
5.80
0.00
TJS
37.43
-0.01
TMT
121.05
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+10°C Мәскеу
+5°C Нұр-Сұлтан
+16°C Бішкек
+16°C Алматы
+31°C Душанбе
+27°C Ашхабад
+24°C Ташкент

Соцсети