• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
2295 Категория: Главные новости - Жарияланды 11/09 - 09:12

НҰРСҰЛТАН, 11 - қыркүйек. - Eurasia Today. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османиді қабылдады. Бұл туралы ақпарат тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап  хабарлайды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Буяр Османиге ілтипат білдіре отырып, екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан оның бұл сапарының маңызы зор екенін атап өтті. 

«Біздің елдеріміз өзара іс-қимылдарды, атап айтқанда сауда, инвестиция салаларындағы қатынастарды және гуманитарлық байланыстарды нығайту үшін зор мүмкіндіктерге ие.

Сондықтан мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін бар әлеуетті пайдалану керек. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясында да тығыз ықпалдастық орнатамыз деген үміттеміз», – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Тетово қаласындағы коронавируспен ауырған науқастар емделетін ауруханада болған өрт салдарынан қаза тапқан адамдардың отбасыларына көңіл айтты.

Кездесуде Президент Ауғанстандағы ахуалға ерекше назар аударды. 

Өз кезегінде Буяр Османи кездесуге мүмкіндік бергені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, екі ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жасаған сапарының символдық мәні бар екенін атап өтті. Македониялық дипломат Қазақстанға сапарының мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды жаңа белеске шығаратынына сенім білдірді. 

Кездесуде Ауғанстан бағыты бойынша халықаралық әдістерді жұмылдыруда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің басымдыққа ие екенін атап өтілді.

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
423.79
0.00
EUR
497.36
0.00
RUB
5.80
0.00
TJS
37.43
-0.01
TMT
121.05
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+10°C Мәскеу
+5°C Нұр-Сұлтан
+16°C Бішкек
+16°C Алматы
+22°C Душанбе
+21°C Ашхабад
+20°C Ташкент

Соцсети