• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
71 Категория: Главные новости - Жарияланды 13/09 - 18:26

НҰРСҰЛТАН, 13 - қыркүйек. - Eurasia Today. Душанбеде Ауғанстандағы жағдай бойынша ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуі өтеді.

Тәжікстан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, 2021 жылы 17 қыркүйекте Душанбе қаласында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мен Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бірінші кездесуі өтеді. 

Кездесу барысында ШЫҰ мен ҰҚШҰ мемлекеттерінің басшылары Ауғанстандағы ахуал бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы құрылған. Аймақтық халықаралық бұл бірлестікте Ресей, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Тәжікстан мен Өзбекстан толық құқықтық мүшелікке ие.

Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия бақылаушы мәртебесіне ие. Армения, Әзірбайжан, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка – ұйымда серіктес мәртебесіндегі елдер. ШЫҰ-ның кезекті төрағалығы 2021 жылы Тәжікстанға тапсырылған.

ҰҚШҰ — тәуелсіз мемлекеттер достастығының әскери-саяси ұйымы. Бұл ұйым 1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мүшелігімен құрылды.

ҰҚШҰ Ауғанстанда «Талибандар» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) билікке келгеннен бері осы елдегі жағдайға алаңдаушылық білдіріп отыр.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
423.79
0.00
EUR
497.36
0.00
RUB
5.80
0.00
TJS
37.43
-0.01
TMT
121.05
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+10°C Мәскеу
+5°C Нұр-Сұлтан
+16°C Бішкек
+16°C Алматы
+31°C Душанбе
+27°C Ашхабад
+24°C Ташкент

Соцсети