• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1186 Категория: Главные новости - Жарияланды 15/09 - 12:35

НҰРСҰЛТАН, 15 - қыркүйек. - Eurasia Today.  Нұр-Сұлтанда Орталық және Оңтүстік Азия елдері бас штаб бастықтарының қатысуымен конференция өтті.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оған Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, АҚШ, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері қатысып, өңірдегі қауіпсіздік шеңберіндегі ахуалды, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды талқылады.
Конференцияға қатысушылар соңғы кездегі орын алған сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ өңірлік құрылымдар, оның ішінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі мен орнын қарады. Сонымен қоса, Орталық және Оңтүстік Азия мемлекеттерінің ынтымақтастық перспективалары мен бағыттары айқындалды.
Осы шара аясында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов Өзбекстан, Пәкістан мемлекеттеріндегі әріптестерімен, сондай-ақ АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысымен бірқатар кездесуге қатысты.
Аталған конференция 2015 жылдан бері өңірдегі елдер мен одан тыс жерлерде де өткізіліп келе жатыр.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
423.79
0.00
EUR
497.36
0.00
RUB
5.80
0.00
TJS
37.43
-0.01
TMT
121.05
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+10°C Мәскеу
+5°C Нұр-Сұлтан
+16°C Бішкек
+16°C Алматы
+22°C Душанбе
+21°C Ашхабад
+20°C Ташкент

Соцсети