• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1041 Категория: Главные новости - Жарияланды 11/10 - 17:10

НҰРСҰЛТАН, 11 - қазан. - Eurasia Today. Иран билігі төрт жыл ішінде ғарышқа адаммен бірге капсула шығаруды жоспарлап отыр. Мүмкін ол-әйел адам болады. Бұл туралы кеше Иранның аэроғарыш институтының басшысы Фатхалла Оми айтты.

«Аэроғарыштық институт 2025–2026 жылдарға қарай бірінші адамдық капсуланы ұшыруға дайындалуда. Бұған қоса, спутниктер орбитаға жіберіледі », - деді Оми.

Иранның аэроғарыш агенттігі басшысының айтуынша, бірінші ирандық ғарышкердің ұшырылуы технологиялардың дамуына, Иранның аймақтағы беделінің нығаюына және сол арқылы Иранды Таяу Шығыс елдері арасында ғарышты игеруде көшбасшылар қатарына жетелейді.

 Ол сондай -ақ оның әйел адам болу мүмкірдігіне үміт білдірді.

 «Ұшу тәжірибесі бар әйелдер ғарышқа жіберілу үшін алғашқы тіркеуден өткендердің қатарында және қазіргі уақытта қажетті дайындықтан өтіп жатыр», - деді Фатхолла Оми.

Еске салайық, Иран билігі ғарыштық бағдарламаны әзірлеу бойынша ұзақ жылдар бойы жұмыс жасап, бірнеше жер серіктерін сәтті ұшырды.

Иранның ғарыштық бағдарламасына 20 жылдан асты. 1999 жылы, сол кезде Қорғаныс министрі қызметін атқарған Али Шамхани, Иран Ислам революциясының жеңісінің 20 жылдығын мерекелеу кезінде, Шахаб-4 зымыраны елді ғарышқа ұшыратынын жариялады.

 2020 жылдың 6 ақпанында Иран ғарыш агенттігінің басшысы Мортеза Барари 2023 жылдан кейін Тегеран Соруш зымыраны арқылы 36 мың км биіктікке спутниктерді ұшыра алатынын айтты, яғни геосинхронды орбитаға.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети