• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
20 Категория: Главные новости - Жарияланды 11/10 - 18:28

НҰРСҰЛТАН, 11 - қазан. - Eurasia Today. Қасым-Жомарт Тоқаев Иван Корчокты қабылдады және кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Қазақстан-Словакия қатынастарының перспективалары талқыланды, деп хабарлайды ақпарат торабының тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сондай-ақ кездесу барысында тараптар Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қатысты аймақтық қауіпсіздік мәселелерін қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Иван Корчоктың Қазақстанға сапарының маңыздылығына тоқталып, бұл кездесу екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретінін атап өтті.

Иван Корчок өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік бергені үшін ризашылығын білдіріп, келе жатқан Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия басшысы Зузана Чапутоваға сәлемін жолдап, оның келесі жылы Қазақстанға сапармен келетініне үміттенетінін айтты.

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети