• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
14 Категория: Главные новости - Жарияланды 12/10 - 18:09

НҰРСҰЛТАН, 12 - қазан. - Eurasia Today. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары-Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады. Бұл туралы ақпарат тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК Сыртқы істер министрлері Кеңесінің 6-отырысына қатысу үшін елімізге келген Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары-Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады.

Мемлекет басшысы түркіменстандық дипломатқа АӨСШК Сыртқы істер министрлері Кеңесінің 6-отырысына қатысып, Қазақстанның бастамаларына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. 

Кездесуде Қазақстан-Түркіменстан қарым-қатынасының саяси, сауда-экономикалық салалары мен аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Түркіменстанда өтетін VI Каспий саммитіне дайындық барысы сөз болды. 

Рашид Мередов өз кезегінде Мемлекет басшысына қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің өз еліне мемлекеттік сапармен келуге шақыруын табыс етті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев шақыртуды қабыл алатынын айтып, жуық арада Ашхабадқа сапармен баратынын жеткізді.

 

 

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети