• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1189 Категория: Главные новости - Жарияланды 14/10 - 11:08

НҰРСҰЛТАН, 14 - қазан. - Eurasia Today. Владимир Путин ТМД елдері үшін Ауғанстан шекарасындағы жағдайды үнемі бақылауда ұстап, содырларға қарсы тұруға дайын болуды маңызды деп атады.

Ресей президентінің ресми сайты Kremlin.ru мәліметіне сәйкес, Путин бұл туралы ТМД елдерінің арнайы қызметтерінің басшыларымен кездесуде мәлімдеді.
Путин осы кездесуде сөйлеген сөзінің бір бөлігінде: «ТМД қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ауғанстан аумағынан келуі ықтимал қатерлерді бейтараптандырудың маңызы ерекше. Біз барлығымыз бұл елдегі оқиғалардың Орталық Азия, Закавказье және басқа аймақтардағы жағдайға қандай ауыр әсер етуі мүмкін екенін жақсы түсінеміз.
Соның ішінде осы мәселелер ағымдағы жылдың қыркүйек айында ҰҚШҰ мен ШЫҰ саммиттерінде жан-жақты талқыланды. Біз бұл тақырыпты алдағы ТМД саммитінде де қарастырамыз.
Ауғанстандағы жағдай оңай емес, сіздер мұны жақсы білесіздер. Америка әскерлері осы елден түпкілікті шығарылғаннан кейін билік «талибандардың» (Ресей мен Қазақстанда жұмысына тыйым салынған лаңкестік ұйым) қолына өтті. Олар өз ережелері мен заңдарын бекітуде. Бұл елде ДАИШ-тың бірқатар халықаралық лаңкестік топтары жұмысын жалғастыруда. Осы елге Ирак, Сириядан әскери операцияларда тәжірибесі бар содырлар белсенді түрде тартылуда. Сондықтан лаңкестер тікелей экспансияға дейін көрші мемлекеттердегі, соның ішінде ТМД елдеріндегі жағдайды тұрақсыздандыруға талпыныс жасауы мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды.
Сол себепті Ауғанстан шекарасындағы жағдайды үнемі бақылауда ұстау және содырларға қарсы тұруға дайын болу маңызды. Бұл үшін күш құрылымдарының жұмысын үйлестіру, қажет болған жағдайда бірлескен арнайы операциялар жүргізу, әсіресе осы салада, соның ішінде ТМД антитеррорлық орталығы аясында сіздердің тәжірибелеріңіз бар», - деді. 
Айта кетейік, Владимир Путин кеше, қазанның 13 күні Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік агенттіктері мен барлау қызметтері басшыларымен бейнеконференция арқылы кездесті.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети