• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
2738 Категория: Главные новости - Жарияланды 18/11 - 10:45

НҰРСҰЛТАН, 18 - қараша. - Eurasia Today. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана клубы» жиыны аясында Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Абдулла Гүлмен кездесті.

Elbasy.kz сайтының мәліметіне сәйкес, кездесуде Елбасы А.Гүлге «Астана клубының» жұмысына белсене қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.
– Сіз отырыста жақсы сөйледіңіз. Мен сіздің идеяларыңызды қолдаймын. Кезінде біз екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, экономикалық интеграцияны дамыту жолында көп жұмыс атқардық. Бұл іс қазір де жалғасып жатыр, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Абулла Гүл «Астана клубы» отырысы аясында жаһандық күн тәртібі мәселелерін талқылаудың өзектілігіне тоқталып, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үлкен Еуразия» құрлығында ынтымақтастық пен қауіпсіздікті нығайту ісіндегі маңызды рөлін атап өтті.
Астана клубы – «Үлкен Еуразия» деп аталатын жаңа геосаяси құрылымның идеологиялық алаңы ретінде әрекет етіп жатқан беделді саясаткерлер, дипломаттар және дүниежүзілік деңгейдегі сарапшыларды біріктіретін пікірталас алаңы. 
15-17 қараша аралығында елордада Астана клубтың алтыншы отырысы өтті.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+12°C Теһран
-15°C Мәскеу
-18°C Нұр-Сұлтан
-4°C Бішкек
-8°C Алматы
+10°C Душанбе
+18°C Ашхабад
+9°C Ташкент

Соцсети