• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1929 Категория: Главные новости - Жарияланды 19/11 - 07:21

НҰРСҰЛТАН, 19 - қараша. - Eurasia Today.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында сөйлеген сөзінің бір бөлігінде Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын нығайтуды үшінші әрі аса маңызды міндет деп атады.

Ақпарат торабы тілшісінің Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше, 18 қарашада Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысып баяндама жасады.

– Біз осы аймақта ерекше мәртебеге ие екенімізді батыл мәлімдей білуге тиіспіз. Бұған толық негіз бар. Атап айтқанда, экономикамыз Орта Азиядағы басқа елдердің экономикасына қарағанда әлдеқайда қуатты. Біз Еуразиядағы басты көлік дәліздері тоғысқан геостратегиялық орталықта тұрмыз. Ауқымды экономикалық және демократиялық реформалар белсенді түрде жүзеге асуда. Зияткерлік және адами ресурсымыз бар, халықаралық қауымдастықтың алдындағы абырой-беделіміз жоғары. Осыған орай, Орталық Азияның тағдыры үшін Қазақстанға ерекше жауапкершілік жүктеледі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Орталық Азиядағы шетел инвестициясының 75 пайызы еліміздің еншісінде екенін және осы бағыттағы жұмыстың қарқынын бәсеңдетуге болмайтынын атап өтті. 

Мемлекет басшысы «Су дипломатиясы» жөніндегі келіссөздердің тезірек аяқталуы Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің және Ресей мен Қытайдың ортақ мүддесіне сай келеді деп санайды.

Мемлекет басшысы бірінші сыртқы саясатты «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай жүргізіп, оның тиімділігін барынша арттыру, экономикалық дипломатияны «қайта жандандыруды» екінші мәселе, әлемдегі алпауыт елдермен және өңірдегі ықпалды мемлекеттермен тең дәрежелі әрі тиімді ынтымақтастық орнатуды төртінші мәселе ретінде атап өтті.

Қазақстан Президенті бұл басқосу Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі белесі қарсаңында өтіп жатқанын, осы тарихи межеге толағай табыспен жетіп отырғанымызды атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан аймақтық және жаһандық үдерістерге белсене қатысатын беделді  мемлекетке айналды. 

Кеңейтілген алқа отырысында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және Қазақстанның бірқатар мемлекеттегі елшілері баяндама жасады.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

Соцсети