• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1495 Категория: Главные новости - Жарияланды 19/11 - 07:55

НҰРСҰЛТАН, 19 - қараша. - Eurasia Today.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында сөйлеген сөзінің бір бөлігінде ең алдымен, Қазақстанның мүдделерін табандылықпен қорғау қажеттігін мәлімдеді.

Ақпарат торабы тілшісінің Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, президент әлемдегі алпауыт елдермен және өңірдегі ықпалды мемлекеттермен тең дәрежелі әрі тиімді ынтымақтастық орнатуды төртінші мәселе ретінде атап өтті. Сондай-ақ еліміздің прагматизмге негізделген салмақты әрі салиқалы саясаттан еш айнымайтын, екіжақты және көпжақты міндеттемелерден бас тартпайтынын айтты.

– Осы ретте, мынадай маңызды ой-тұжырымдарды ортаға салғым келеді. Біз Тәуелсіздік пен егемендікке, еліміздің шекарасы мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіретін бір де бір келісімге жол бермеуіміз керек. Өйткені, осы қасиетті құндылықтар біз үшін бәрінен қымбат. Біз ең алдымен, Қазақстанның мүдделерін табандылықпен қорғауымыз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, кеше, 18 қарашада Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Қазақстан Президенті бұл басқосу Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі белесі қарсаңында өтіп жатқанын, осы тарихи межеге толағай табыспен жетіп отырғанымызды атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан аймақтық және жаһандық үдерістерге белсене қатысатын беделді  мемлекетке айналды. 

Кеңейтілген алқа отырысында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және Қазақстанның бірқатар мемлекеттегі елшілері баяндама жасады.

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+12°C Теһран
-15°C Мәскеу
-18°C Нұр-Сұлтан
-4°C Бішкек
-8°C Алматы
+7°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+6°C Ташкент

Соцсети