2237 Категория: Главные новости - Жарияланды 22/11 - 10:03

НҰРСҰЛТАН, 22 - қараша. - Eurasia Today. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Ақпарат торабы тілшісінің хабарлауы бойынша Қазақстан президенті бұл туралы Твиттерде жазба жариялады. «Агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Бұл – Қазақстанның экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар сала. Ауыл шаруашылығына озық технологияларды енгізіп, сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – мемлекеттің басты міндеті»,- деп жазды Мемлекет басшысы.

Қарашаның үшінші жексенбісі – Қазақстанда Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні.

Теги: