• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1716 Категория: Главные новости - Жарияланды 24/11 - 10:43

НҰРСҰЛТАН, 24 - қараша. - Eurasia Today.  Елбасы Н.Ә.Назарбаев кеше, 23 қарашада «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынды:

1. Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық.

2. Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры.

3. Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы.

4. Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі.

5. Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі.

6. Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті.

7. Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі.

Бейнеконференция байланысы режимінде өткен отырысқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері, «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі мен Бюро мүшелері, Парламент Мәжілісіндегі және мәслихаттардағы партия фракциясының депутаттары, өңір басшылары, «Jas Otan» жастар қанатының көшбасшылары қатысты.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

Соцсети