• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
18 Категория: Главные новости - Жарияланды 25/11 - 13:34

НҰРСҰЛТАН, 25 - қараша. - Eurasia Today. Қазақстан БҰҰ ЕҚБ-ның Орталық Азияға арналған жаңа бағдарламасының негізгі бағыттарын толығымен қолдайды.

Ақпарат торабы тілшісінің ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Акан Рахметуллин БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасының (ЕҚБ) Орталық Азияға арналған 2022-2025 жж. бағдарламасына қол қою рәсімінде мәлімдеді.

Осы мәліметке сәйкес, салтанатты жиын барысында сөйлеген сөзінде А.Рахметуллин бұл бағдарламаның алдыңғы өткен кезеңі Қазақстанның құқық қорғау органдарының біліктілігін арттыруға, олардың өңірдегі көрші елдермен арасындағы ынтымақтастығын айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

«Полиция қызметін реформалау, есірткіге қарсы күрес, шекара қауіпсіздігі, терроризм және экстремизмге қарсы іс-қимыл сияқты маңызды бағыттар бойынша өзекті бірлескен жобалар іске асырылды. Осыған орай Қазақстан жаңа бағдарламаның негізгі бағыттарын толығымен қолдайды және біздің өңірдің тұрақтылығы мен дамуына бағытталған жұмысты БҰҰ ЕҚБ, Орталық Азия және басқа да халықаралық серіктестермен бірге атқаруға дайын», - деп мәлімдеді министрдің орынбасары.

Іс-шараға Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сыртқы саяси ведомстволарының басшылары, сондай-ақ алғашқы ресми сапармен Орталық Азияны аралап отырған БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – ЕҚБ Атқарушы директоры Гада Вали қатысты.

БҰҰ ЕҚБ-ның Орталық Азияға арналған 2022-2025 жж. бағдарламасы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, нашақорлықтың алдын алу, есірткінің заңсыз айналымына, радикалды идеологияның таралуына қарсы іс-қимыл және басқа салалардағы техникалық көмек және оқыту іс-шараларын ұйымдастыруды көздейді.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+12°C Теһран
-15°C Мәскеу
-18°C Нұр-Сұлтан
-4°C Бішкек
-8°C Алматы
+7°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+6°C Ташкент

Соцсети