• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
17 Категория: Главные новости - Жарияланды 25/11 - 17:07

НҰРСҰЛТАН, 25 - қараша. - Eurasia Today. Парламент Сенатының отырысында көрші мемлекеттерге әскери көмек көрсету жөнінде келісімдер ратификацияланды.

ҚР ҚМ Баспасөз орталығының мәліметіне сәйкес, бұлар – «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдар. Келісімдерде қырғыз және тәжік тараптарына әскери мүлікті, атап айтқанда оқ-дәрілер мен арнайы жабдықтарды бір реттік беру көзделген. Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Руслан Шпекбаев әскери мүлікті Қырғызстанға беру Қазақстанның жауынгерлік әзірлігі мен қорғаныс қабілетіне әсер етпейтінін, өйткені көмек Қарулы Күштердің ағымдағы үлесінің нормативтен тыс қорларынан көрсетілетінін атап өтті. Тәжікстанға әскери-техникалық көмек көрсету Қарулы Күштердің осы қатерлерге тойтарыс беру мүмкіндіктерін күшейтіп, Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін нығайтады. Сондай-ақ, сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы тәжік-ауған шекарасының іргелес аудандарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарап, қабылдады.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

Соцсети