НҰР-СҰЛТАН, 5 - мамыр. - Eurasia Todaу. Қазақстан Еуропа нарығына шығуда Түркияны транзиттік ел ретінде көреді. Бұл туралы Қазақстан экспорттаушылар қауымдастығының төрағасы Гүлмира Жүсіпова мәлімдеді, деп жазады ақпарат тілшісі.
Гүлмира Жүсіпованың сөзінше, Украинадағы дағдарысқа байланысты Түркияда қазақстандық азық-түлікке деген сұраныс артқан.
«Түркияның Еуропамен сауда байланысы жақсы дамыған. Біз үшін Түркия елі Еуропаға апаратын қақпа», - деп атап өтті Гүлмира Жүсіпова.
Бұған дейін де Гүлмира Жүсіпова Ресей мен Украина арасындағы жағдайға байланысты Қазақстанға, жалпы Орта Азияға деген сұраныстың өсетінін айтқан болатын. Ол сөзінде осындай сәтте импорттан кетіп, экспортқа келу керектігін және ел экономикасы жақсаруы үшін реэкспортпен айналысқан жөн екенін атап өткен еді.
Гүлмира Жүсіпованың сөзінше, экологиялық жағынан таза болғандықтан қазақстандық өнімге бірқатар елдер, оның ішінде БАӘ қызығады.
Теңге бағамы
Ауа-райы