• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1116 Категория: Главные новости - Жарияланды 05/05 - 14:33

НҰР-СҰЛТАН, 5 - мамыр. - Eurasia Todaу. 9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында Түркістан облысында соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңгеден берілді.

ortcom.kz сайтының мәліметіне сәйкес, бүгінде Түркістан облысында 5301 соғыс ардагері мен оларға теңестірілгендер тұрады. Оның ішінде 22 соғыс ардагері мен соғыс мүгедегі бар. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілгендер саны 154 болса, тыл еңбеккерлерінің саны – 5125.
Жыл сайын Жеңіс күні мерекесіне орай жоғарыда аталған санаттағы ардагерлерге тұрақты түрде қолдау көрсетіліп келеді. Қазақстан Республикасы бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға бірдей мөлшерде біржолғы материалдық көмектер төлену жоспарланып, жергілікті бюджеттен қаржы қаралды. Осы арқылы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 (бір) миллион теңге, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендерге санаттарына қарай 30-100 мың теңге аралығында бір реттік материалдық көмек беріліп жатыр. 
Жеңіс мерекесі қарсаңында Түркістан облысындағы білім ұялары мен спорттық алаңдарында патриоттық бағыттағы тәрбие сағаттары, кездесулер, концерттер ұйымдастырылады. Сонымен қатар басшылардың және Ардагерлер кеңесі төрағаларының, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялардың қатысуымен майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілмек.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
+1.54
USD
431.03
0.00
EUR
455.90
0.00
RUB
7.01
0.00
TJS
35.86
+1.14
TMT
128.03
+1.14
UZS
0.04
+1.37

Ауа-райы

 

+20°C Теһран
+8°C Мәскеу
+15°C Нұр-Сұлтан
+15°C Бішкек
+15°C Алматы
+17°C Душанбе
+24°C Ашхабад
+19°C Ташкент

Соцсети