Сегізіншіқабаттыңтерезесіненқұлайындептұрғанқыздықұтқарғанерадамғапәтертабысталды
- Толығырақ
- Қаралды: 872
НҰР-СҰЛТАН, 13 - мамыр. - Eurasia Todaу. 11 мамыр күні Сәбит Шонтақбаев Нұр-Сұлтан қаласында сегізінші қабатта терезеге асылып тұрған баланы құтқарып қалған болатын. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады ақпарат тілшісі.
Өз өмірін қатерге тіккен Сәбит Шонтақбаев әріптесі Сағи Жылқышиев екеуі көлікпен жұмысқа бармақ болған сәтте 8-қабатта кішкентай қыздың терезеге асылып тұрғанын көрген. Олар бірден 8-қабатқа көтеріліп, үйдің есігін ешкім ашпағандықтан 7-қабатқа түсіп, көршісінің есігін қаққан. Олар бірден балконға өтіп, баланы аман алып қалуға тырысқан.
«Бәрі аяқ асты болды. Қорқыныш сезімі болған жоқ. Өзіме қауіп төнеді деген ой да болмады. Баланың дауысын естігенде бар ойым оны құтқару болды. Менде құтқару белдігі де болмады», - дейді Сәбит.
Сегізінші қабаттың терезесінен құлайын деп тұрған қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа үш бөлмелі пәтер табысталды.
Теңге бағамы
Ауа-райы