• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
651 Категория: Главные новости - Жарияланды 14/05 - 10:16

НҰР-СҰЛТАН, 14 - мамыр. - Eurasia Todaу. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Ақорданың мәліметі бойынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Даби әмірлігінің Тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға және Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянның өмірден озуына байланысты көңіл айтты. 
«Шейх Халифа өз өмірін Араб Әмірліктері мен оның халқының әл-ауқатын арттыруға, мүддесінің мұқалмауына, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға риясыз арнады. Сондықтан, оның қолға алған бастамалары мен жетістіктері халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланғаны баршаға мәлім. Қазақстандықтар да бауырыңыз шейх Халифаны парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, көрнекті мемлекеттік қайраткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады. Қаралы сәтте Сіздерге және әулеттеріңізге, сондай-ақ отандастарыңызға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, қайғыларыңызға ортақтасамын», – делінген жеделхаттарда.
Айта кетейік, кеше жұма күні БАӘ президенті шейх Халифа бен Заид Әл Наһаян 74 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ол 2004 жылдан бері Президент болды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
+1.54
USD
432.72
-0.33
EUR
454.14
-0.46
RUB
6.80
+1.61
TJS
35.94
+1.14
TMT
128.31
+1.14
UZS
0.04
+1.37

Ауа-райы

 

+20°C Теһран
+8°C Мәскеу
+15°C Нұр-Сұлтан
+15°C Бішкек
+15°C Алматы
+17°C Душанбе
+24°C Ашхабад
+19°C Ташкент

Соцсети