Рахмон:Қазақстанменстратегиялықсеріктестіктідамыту–сыртқысаясатымыздағыбасымбағыт
- Толығырақ
- Қаралды: 1457
НҰР-СҰЛТАН, 14 - мамыр. - Eurasia Todaу. Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуды мемлекетінің сыртқы саясатындағы басым бағыт деп атады.
ТР Президенті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша 13 мамырда Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Милли сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қарастырылды.
Эмомали Рахмон Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың мемлекетінің сыртқы саясатындағы басым бағыт болып табылатынын және достық, өзара түсіністік пен өзара қолдаудың ежелден қалыптасқан дәстүріне негізделгенін айтты.
Екі ел арасындағы қарым-қатынасқа, әсіресе, жоғары саяси деңгейдегі сенімді диалог пен сындарлы ынтымақтастыққа қанағаттанушылық білдірді.
Кездесуде Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы саяси, сауда-экономикалық және парламентаралық байланыстардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Қазақстанның Тәжікстанның сыртқы сауда құрылымындағы негізгі серіктестердің бірі екені, өткен жылы тауар айналымы 30 пайызға дерлік артып, бір миллиард доллардан астамға жеткені айтылды.
Кездесуде тараптар мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екендіктерін білдірді.
Екі елдің өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастығы бағытында аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Тараптар өзекті өңірлік және жаһандық мәселелер, соның ішінде Ауғанстандағы жағдай бойынша пікір алмасты.
Айта кетейік, Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Тәжікстан Республикасына ресми сапармен келді. Сапар аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Тәжікстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Милли Мәжілісі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Тұрақты комиссияның бірінші отырысы өтті.
Теңге бағамы
Ауа-райы