НҰР-СҰЛТАН, 20 - мамыр. - Eurasia Todaу. Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Амир Абдоллахиан Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сұхбатта елінің Украина қақтығысын шешуге бағытталған кез келген дипломатиялық талпынысты қолдап, дағдарысты шешуге арағайын болуға әзір екенін мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров телефон арқылы сұхбатта екіжақты, аймақтық және халықаралық қатынастар мәселелері мен санкцияларды алып тастау жөніндегі келіссөздердің соңғы жай-күйін талқылады.
Амир Абдуллахиан елінің соғыс құралдары мен санкцияларды қолдануға қарсы ұстанымдарын түсіндіре отырып, Теһранның атысты тоқтатуды және келіссөз үстеліне қайта оралуды қолдайтынын баса айтты.
Ол Иран Ислам Республикасының Ресеймен тамаша қарым-қатынасына сүйене отырып, Украина қақтығысын шешуге бағытталған кез келген дипломатиялық талпынысты қолдайтынын және осы дағдарысты шешуге арағайын болып, көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.
Теңге бағамы
Ауа-райы