АСТАНА, 28 - желтоқсан. - Eurasia Todaу. Қазақстан мен БАӘ арасындағы рейстер саны артады. Бұл туралы ақпарат торабының тілшісі Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлады.
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті БАӘ авиациялық биліктерімен бірлесіп, мереке күндері мен каникул кезеңінде авиабилеттердің құнын төмендету мақсатында БАӘ-ге рейстер санын көбейту туралы шешім қабылдады.
Мәселен, 2022 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 14 қаңтарға дейін "Fly Dubai" әуекомпаниясы Астана – Дубай және Алматы – Дубай бағыттары бойынша қосымша 10 рейсті орындауды жоспарлап отыр.
Рейстер Б-737 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.
Рейстер санының артуы ҚР мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өту маңызды.
Теңге бағамы
Ауа-райы