• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
335 Категория: Главные новости - Жарияланды 24/01 - 16:08

АСТАНА, 24 - қаңтар. - Eurasia Todaу. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының (Якутия) басшысы Айсен Николаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстанның өңірлері мен Саха Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми және мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ цифрландыру салаларындағы өзара тиімді кооперацияларды дамытудың перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы белсенді өңіраралық ынтымақтастық өзара сауда көрсеткіштеріне оң ықпал еткенін айтты. Президенттің пікірінше, өңіраралық сауда көлемі айтарлықтай артты. Қазақстан сауда қатынастарын одан әрі тереңдетуге мүдделі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Саха Республикасын тамыры терең тарихи және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар байланыстыратын атап өтіп, ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударатынын айтты.

Кездесуде Айсен Николаев Саха елі Қазақстан компанияларымен өнеркәсіп өнімдері, минералды ресурстар және зергерлік бұйымдар салаларында сауда-саттық жасауға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар Якутия цифрлық технология, креативті индустрия мен кинематография бағытында да байланыс жасауға ниетті.

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
459.84
+0.08
EUR
506.10
+1.17
RUB
6.58
+0.74
TJS
44.68
-0.11
TMT
131.28
+0.08
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+3°C Теһран
-9°C Мәскеу
-11°C Астана
+2°C Бішкек
+2°C Алматы
+9°C Душанбе
+10°C Ашхабад
+7°C Ташкент

Соцсети