АСТАНА, 24 - қаңтар. - Eurasia Todaу. Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеев 26-27 қаңтарда Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Азымбакиев мәлімдеді.
КР президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша сапар барысында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен екіжақты келіссөздер жоспарланған.
Екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда қырғыз-өзбек стратегиялық серіктестігінің кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ достық, бауырластық және тату көршілік рухындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту жоспарларын талқылайды.
Сонымен қатар, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарлануда.
Мұратбек Азымбакиевтің айтуынша Шавкат Мирзиёевтің Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапары қарсаңында екі елдің іскер топтары арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған қырғыз-өзбек бизнес-форумы өтеді.
Теңге бағамы
Ауа-райы