АСТАНА, 25 - қаңтар. - Eurasia Todaу. Қырғызстанға ресми сапар аясында Мәулен Әшімбаев бастаған Қазақстан Парламенті Сенаты делегациясының мүшелері Қырғыз елінің Президенті Садыр Жапаровпен кездесті.
Кездесу барысында Сенат төрағасы Қазақстанның Қырғыз Республикасымен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.
Мәулен Әшімбаев өзара байланысты арттыруға барлық деңгейдегі, бірінші кезекте, екі елдің мемлекет басшылары арасындағы белсенді және сенімді саяси диалогтың ықпалы зор екенін айтты.
Өз кезегінде Садыр Жапаров Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы түрлі алаңдағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін тілге тиек етті.
Сапар барысында қазақстандық сенаторлар Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына арналған VII қазақ-қырғыз форумына қатысты.
Сонымен қатар сенаторлар қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының ескерткішіне барып, ғұламаның рухына тағзым етті.
Теңге бағамы
Ауа-райы